Жыл басынан бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 астаналық жауапқа тартылған
Астаналық полицейлер азаматтарға қоғамдық тәртіпті бұзғаны және бөтеннің мүлкіне зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескертеді. Мұндай фактілер анықталса, тиісті шара қолдану үшін «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Біз сізді қала меншігіне ұқыпты қарауға шақырамыз және бұзақылық әрекеттері үшін жазаның күшейтілгенін еске саламыз.
Мәселен, елордада жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 900-ге жуық азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін 164 адамға айыппұл салынды.
Атап айтқанда 32 жастағы Астана тұрғыны бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен ол ҚР ӘҚБтК-нің 147-1 бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынған.
Бұған дейін ер адам халықаралық әуежайдың тұрағынан шығып бара жатып, қолымен автоматты шлагбаумды көтеріп, сол арқылы өз әрекетімен бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтірген.
Сонымен бірге, полиция бөтеннің мүлкін жоюмен немесе бүлдірумен немесе ерекше цинизммен сипатталатын арсыз әрекеттерді жасаумен байланысты қоғамды ашық сыйламаушылықты білдіретін қоғамдық тәртіпті ерекше батыл бұзу, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің («Бұзақылық») 293-бап бойынша қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды. Бұл қылмыс екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұлдан екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны қарастырады.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]