TikTok платформасы Қауымдастық ережелерін жаңартты

TikTok платформасы Қауымдастық ережелерін жаңартты

TikTok платформада жарияланатын контентке қатысты саясатын бұрынғыдан да жақсырақ түсіндіретін, қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді, жаңартылған Қауымдастық ережелерін ұсынды. Сондай-ақ, платформада іздеу сұратымдарының, тікелей эфирлердің және ұсыныстар арналарының қалай модерациядан өтетіні туралы толық ақпараттар қамтылған. Барлық жаңартулар авторлардың Қауымдастық ережелерін дұрыс түсінуін қамтамасыз етуге және осы ережелерді қолдану үдерісінің ашықтығын арттыруға бағытталған.

TikTok соңғы редакциясында Ережелерді барынша нақтылау үшін, мысалы, өшпенділік, жек көрушілік сөздері мен денсаулық тақырыбындағы жалған ақпараттарға қатысты кейбір анықтамаларды қосып, жаңартты. Платформа қолданушылардың ұсыныстар арнасына контенттің кіру стандарттарын да жаңартты. Сонымен қатар платформаның жаңа саясаты, егер де қолданушы ұсыныстар арнасының стандарттарына қайшы келетін контентті қайталап жариялаған болса ұсыныстар арнасынан жеке бейнероликтерді ғана емес, оның бүкіл аккаунтын шектеуге де мүмкіндік береді. Авторларға олардың аккаунты шектелгені туралы хабарлама жіберіледі және олар шешіммен келіспеген жағдайда шағымдана алады.

Сонымен қатар TikTok авторларға Қауымдастық ережелерін жақсырақ түсінуге, сондай-ақ олардың аккаунтының ағымдағы күйі туралы хабардар болуға, көмектесетін жаңа мүмкіндіктерді енгізді.   Осылайша, платформа Қауымдастық ережелерін бірінші рет бұзған авторларға жіберілетін, нақты қандай ереже бұзғанын көрсететін ескерту хабарламаларын енгізді.

Алдын ала ескерту хабарламасы кейін аккаутты бұғаттауға әсер ететін ескерту ретінде қарастырылмайды, бірақ одан кейінгі Ережелерді бұзулар есепке алынатын болады. Ескерту хабарламалары платформаның нөлдік төзімділік саясатына (мысалы, зорлық-зомбылыққа шақыру) жататын ереже бұзушылықтарға қолданылмайды – мұндай бұзушылықтары бар аккаунттар бірден бұғатталады.

Сонымен қатар TikTok «Аккаунтты тексеру» жаңа қызметінің көмегі арқылы авторларға аккаунтының күйін ашық көруді қамтамасыз етеді. Бұл креаторларға соңғы 30 жазбасын тексеруге және TikTok Қауымдастық ережелері тұрғысынан аккаунтының күйін көруге мүмкіндік береді. Авторлар Қауымдастық ережелерін бұзғаны үшін нақты бір қызмет түрлеріне шектеу қойылғанын – мәселен, пікір жазу немесе жеке хабарламалар жіберу мүмкіндігінен айрылғаны туралы ақпаратты алатын болады. Оған қоса авторлар өздерінің бейнеконтенттері Ереже бұзғаны үшін жойылғанын немесе ұсыныстар арнасына жіберуге сәйкес емес, деп белгіленгенін көре алады.

 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

10 пікір

  1. аватар
    Stephany 19 августа 2026 14:29

    Most PayID payments are processed via the New Payments Platform (NPP) using Osko, meaning they’re typically received in under a minute.

    PayID makes it easy to send and receive money using a mobile number, email address or
    ABN instead of a BSB and account number. NAB recommends you consider the NAB Internet Banking terms and conditions document, before making any decisions
    regarding this product. Payments are protected by NAB’s real time transaction processing
    and monitoring capability. The money will
    get there in a flash - no delay even if they bank with another financial institution (as long as they offer the PayID service).

    Watch our video to learn how convenient and easy it is to send and receive payments using a unique PayID.


    References:
    payidpokies1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.