Coca-Cola компаниясының тіл үйіретін үш жаңалығы

Coca-Cola компаниясының тіл үйіретін үш жаңалығы

Piko, Fusetea мен Fanta қатарында бірден үш жаңа өнім пайда болды

Биылғы көктемде Coca-Cola компаниясы қазақстандықтарды бірден өздерінің өте танымал брендтерінің үш жаңалығымен қуантты. Piko шырынды сусындарының қатарында дәрумендері бар «Piko Иммунитет» пен «Piko Күшейту» пайда болды. Fusetea салқын шәйларының қатарын «Fusetea қарбызы»толықтырып, ал Fanta отбасына дәмі таңдай қақтырарлық «Fanta Лимонад» қосылды.

Көктем қашан да жаңғыру қуанышын алып келетіндіктен, бұл нағыз ағзаны нығайтуды ойлайтын кезең. «Piko»-ның  дәрумендер қосылған жаңа өнімдері ағзадағы дәрумендер балансын толықтыруға көмектесіп, сергектік сыйлайды. Өмірлік маңызы бар дәрумендермен байытылған, жемістер дәмінің теңшелген қоспасы жылдың кез келген уақытында өзіңізге сенімді болуға септеседі. «Piko Иммунитет» құрамында C, B12 дәрумендері мен мырыш бар. Бұл сусын шөліңізді қандырып қана қоймай, ағзаны табиғи түрде қолдайды. Ал С мен D дәрумендері бар «Piko Күшейту» күш-қуаттың құнды қайнар көзіне айналады.

«Бүгінгі таңда азық-түлік саласындағы көптеген компаниялар дәрумендермен, минералдармен, антиоксиданттар және басқа да пайдалы заттармен байытылған өнімдер шығаруға мән беріп отыр. Coca-Cola компаниясы әлемдік нарықта мұндай өнімдерді баяғыдан бері шығарып келсе, ендігі жерде бұл сусындар Қазақстанда да қолжетімді болады», – дейді компанияның Орталық Азия және Кавказ аймағындағы коммуникациялар жөніндегі директоры Александра Аккирман. – «Күнделікті жұмыс барысында немесе асыққан кезде өзіңізге қамқор болуды, «қуаттанып» алуды ұмытпасаңыз, бұған Piko бренді белсенді түрде көмектесуге дайын».

Көктем айларында ауа райы қалай құбылса да, жаз ентелеп жақындап келеді. Жаздың аптап ыстығында қазақстандықтардың дастарханындағы қарбыз ең басты да дәмді, тәтті әрі шөліңді басатын ас мәзірлерінің біріне айналады. Сондықтан Coca-Cola командасы «Fusetea Арбуз» салқын шәйінда қара шәй мен қарбыз шырыны дәмі тамаша үйлесім табатынына, ешкімді бей-жай қалдырмайтынына сенімді. «Қарбыз – жаз мезгіліндегі ең танымал жемістердің бірі, оған қоса қара шәйдің ерекшелігі мен қарбыздың жан сергітер дәмінің бірігуі жаңа сусынды маусым хитына айналдыруға уәде береді», – дейді Александра Аккирман.

Сонымен бірге компания Fanta сусындарының желісіндегі жаңа өнім  – «Fanta вкус Лимонад» сусынын шығарады. Компания осы өнімді әзірлеу барысында Fanta стилінде, баршаға бала кезден таныс, газдалған сүйікті сусындардың өзіндік тамаша нұсқасын ұсынуға шешім қабылдады. «Fanta Лимонад» қазіргі жігерлі де жарқын сәттерді жоғалтпай-ақ, «өткен шаққа саяхат» шегуге мүмкіндік сыйлайды. Жемістердің жаздық ноталарымен толықтырылған жаздық сергіткіш сусын жергілікті дәмдік талғамдарды ескере отырып, арнайы Қазақстан үшін жасалған. Маңызды сәт: сусынның калориясы төмен.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.