Әлеуметтік желілерде бөлісуге асықтым - Петропавлда полицейлер еріктілер туралы жалған ақпарат таратқан авторды анықтады
Сәуірдің 21-і Петропавл қаласы полиция басқармасының «102» арнасына TikTok әлеуметтік желісінде су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген гуманитарлық көмек түсірілімінің бейнесі жарияланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бейнежазба авторы еріктілер ұрлық жасаумен айналысады деп мәлімдеген.
Полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, нәтижесінде ұрлық фактісі расталмады. Тәртіп сақшылары жарияланымның авторын анықтады. Ол облыс орталығының 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Қала тұрғыны шынымен де смартфонына гуманитарлық көмекті түсіру сәтін бейне жазбаға жазып алғанын, алайда еріктілерден жұмыстың мән-жайын, мерзімін және толық ақпаратты нақтыламастан бірден бейнені әлеуметтік желіге жариялап, оған теріс түсініктеме бергендігін түсіндіріп берді.
Кейінірек қала тұрғыны бұл бейне жазбаны өшіріп тастады. Қоғамдық тәртіпті бұзуға жағдай туғызатын тексерілмеген ақпаратты тарату фактісі бойынша жиналған материалдар сотқа жіберілді. Бүгінде құқық бұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]