Сотталғандар қауіпсіздігі қатаң бақылауда
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесіне төтенше жағдайлар салдарынан өзге өңірден келген сотталған азаматтарды заңға сәйкес оқшаулау мақсатында ардагерлер ұйымының қолдауымен жасақтың сыртқы аймағы қоршауға алынды.
- Өзге өңірден эвакуацияланып келген сотталғандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесінде еңбек еткен ардагерлер ұйымының атынан қаражат бөлініп, жасақтың сыртқы аймағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда жасақ сырты толықтай қоршалып, сотталғандар арасында жанжалдың алдын алу жұмыстары жүргізілуде,- деді мекеме бастығы, подполковник Мақсұт Өтетлеуов.
Айта кетейік, бұл сотталған азаматтар елдегі төтенше жағдай қалпына келгеннен кейін тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан жазасын өтеу орындарына қайтарылатын болады.
[xfvalue_img]