Маңғыстау облысының кедендік өткізу пункттерінде

Маңғыстау облысының кедендік өткізу пункттерінде

Өткізу пункттерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету–елдің транзиттік әлеуетін дамытудағы басым бағыт. Маңғыстау облысында өткізу қабілетін арттыру үшін «Темір–баба» (Түрікменстан Республикасымен Мемлекеттік шекара) және «Тәжен» (Өзбекстан Республикасымен Мемлекеттік шекара) екі автомобиль өткізу пункті жаңғыртылуда. Өткен жылдан бастап құрылыс–монтаж жұмыстары басталды. Өткізу пункттерін қайта жаңарту жабылмай жүргізіледі. Барлық өткізу пункттерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Артем Әбілдинов атап өткендей, «Басты мақсаттардың бірі ЕАЭО кедендік шекарасында орналасқан өткізу пункттерінің инфрақұрылымдық міндеттерін шешу болып табылады. Атап айтқанда, жоғары қарқындылық байқалатын өткізу пункттерін тәулік бойы жұмыс режиміне ауыстыру. Тасымалдаушылардың құжаттарды бір рет ұсынуы үшін іргелес мемлекеттердің бақылаушы органдарымен бірыңғай деректер базасын құру. Жобаны іске асыру шеңберінде өткізу қабілетін 8 есеге дейін ұлғайту (тәулігіне 1000–нан 8400 КҚ–ға дейін), уақытты қысқарту (2 сағаттан 25 минутқа дейін) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту болады. Өткізу пункттерін жаңғырту аяқталғаннан кейін, өткізу пункттерінің барлық инфрақұрылымдық мәселелері шешіледі, шекарадан ыңғайлы өту және бақылауды жеделдетіп жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалады».

Сондай–ақ, бүгінгі күні «Тәжен» және «Темір баба» автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істеуде. Жүйе платформада «Qoldau.kz» және «CargoRuqsat» мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда бұл жүйе Орталық Азиядағы жалғыз жүйе болып табылады.

«Бұл жүйені енгізу республикалық маңызы бар жолдардың бойында автокөлік құралдарының жиналуын болдырмауға мүмкіндік берді және тасымалдау процесінің ашықтығын қамтамасыз етті», – деді «Тәжен» кеден бекетінің басшысы Жеңісбек Сандыбаев.

Сонымен қатар, трансшекаралық сауда рәсімдерін оңайлату және транзиттік тасымалдарды ұлғайту мақсатында ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Орталық Азия, Каспий өңірі және Закавказье елдерінің көлік дәліздерін дамыту шеңберінде транзит рәсімдерін оңайлату туралы тұжырымдама мен көпжақты келісімнің жобаларын әзірледі. Бұл жобалардың негізгі мақсаты өңір елдерінде қағазсыз транзит экожүйесін енгізу болып табылады.

Өткен жылы ЕАЭО–ға екі және одан да көп мүше мемлекеттердің аумақтары бойынша тауарларды өткізу кезінде оларды қадағалау мүмкіндігін көздейтін тасымалдарды қадағалау үшін ЕАЭО–да навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісім күшіне енді.

Жалпы 2023 жылдың 12 айында Маңғыстау облысында ЕАЭО кедендік шекарасын кесіп өткендер:

Автобустар: Қазақстан Республикасына кіру (ЕАЭО–ға) – 679, Қазақстан Республикасынан шығу (ЕАЭО–дан) – 737;

Жеңіл автокөлік: ҚР–на – 57501, ҚР–нан – 57169;

Жүк көлігі: ҚР–на – 67596, ҚР–нан – 66878;

Жолаушылар пойыздары: ҚР-на – 351, ҚР-нан – 330;

Әуе рейстері: ҚР–на – 1470, ҚР–нан – 1494;

Жеке тұлғалар: ҚР–на – 924988, ҚР–нан – 944652.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.