Жалпыға бірдей декларациялау не үшін қажет, деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Жалпыға бірдей декларациялау не үшін қажет, деді Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Ербол Өтеев жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің мақсаттары туралы айтып берді.             

Жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің мақсаты-табыстардың ашықтығын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикамен күресу арқылы сыбайлас жемқорлық және қомақты қаржыны жылыстату. Табыстардың ашықтығы бюджетке қосымша түсімдерді алып келеді, бұл өз кезегінде ел экономикасы мен әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға қосымша қаражат жұмсауға мүмкіндік береді.

«Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу барлық елдердің экономикасын дамытудың бағыты болып табылады. Жалпыға бірдей декларациялауды ҚР сәтті енгізу мақсатында – АҚШ, Германия, Франция, Швеция, Финляндия, Дания, Сингапур, Швейцария сияқты әлемнің көптеген дамыған елдерінде қолданылатын прогрессивті халықаралық тәжірибе арқылы зерделенді», - деп атап өтті МКД басшысының орынбасары.

Жалпыға бірдей декларация салық есептілігінің екі нысанын ұсынуды көздейді бұл:

- "Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация" (250.00-нысан).

- "Кірістер мен мүлік туралы Декларация" (270.00-нысан).

Жалпыға бірдей Декларациялау жүйесіне кірген кезде 250.00 нысаны бойынша декларация ұсынылады, ол бір рет - "кіру" деп аталатын декларация, ал кейінгі жылдары 270.00 нысаны бойынша жыл сайынғы декларация ұсынылады. 

Декларацияда мынадай мәліметтер көрсетіледі

  1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі мүліктер:

- жылжымайтын мүлік, жер учаскелері, жер үлестері, әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзу кемелері, "өзен-теңіз" жүзу кемелері;

- көлік құралдары, арнайы техника және тіркемелер;

-барлық банктік салымдар бойынша АЕК мөлшерінен 1000 есе асатын сомадағы шетелдік банктердегі банктік шоттардағы ақша;

- заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі. 

  1. Қазақстан Республикасында да, одан тыс жерлерде де мүлік:

- тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын ғимараттағы үлесі;

- бағалы қағаздар, туынды қаржы құралдары;

- инвестициялық алтын;

- зияткерлік меншік, Авторлық құқық объектілері;

- АЕК мөлшерінің 10 000 еселенген шегінен аспайтын сомада көрсетілетін қолма-қол ақша;

- банктерге берешекті (несиелер, депозиттер, карточкалық шоттарды) қоспағанда, міндеттеменің немесе талаптың туындауына негіз болып табылатын нотариат куәландырған (куәландырылған) шарт немесе өзге құжат болған кезде жеке тұлға алдындағы басқа тұлғалардың берешегі (дебиторлық берешек) және жеке тұлғаның басқа тұлғалар алдындағы берешегі (кредиторлық берешек) ;

-жеке тұлғаның қалауы бойынша бағасы бір дана мүлік үшін 1000 АЕК-тен асатын бағаланған (антикварлық заттар, қымбат картиналар және т.б.) мүліктер көрсетілуі мүмкін. Бағалауды тәуелсіз бағалаушыдан жасауға болады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.