2023 жылы

2023 жылы "Касперский Зертханасының" шешімдері тәуелсіз тесттерде 93 рет бірінші орынды иеленген

2023 жылдың ішінде "Касперский Зертханасының" шешімдері 100 тәуелсіз қорғаныс технологияларын тестілеу нәтижелері бойынша көшбасшылар үштігіне 94 рет кірді, оның ішінде 93 рет бірінші орынға ие болды.

ТОП-3 көрсеткіші қорғаныс шешімдерін әзірлеуші компаниялардың күнтізбелік жыл ішінде тәуелсіз тесттерде қаншалықты сәтті өткенін көрсетеді. Бұл тәсіл объективті және көрнекі, өйткені бағалау компаниялардың AV-Comparatives, AV-TEST, SE Labs және т.б. зертханалары жүргізетін бірнеше тәуелсіз тесттерге бірден қатысу нәтижелеріне сүйене отырып есептеледі.

2023 жылы "Касперский зертханасының" басты жетістіктерінің бірі ― AV-Comparatives компаниясының "Жыл өнімі " сыйлығы. Оны пайдаланушылардың цифрлық өмірін қорғауға арналған шешімдердің жаңа желісінен Kaspersky Standard шешімі иеленді.  Ол Public Consumer Main-Test Series сериясының жеті сынағында ең жоғары Advanced+ рейтингіне ие болды, бұл ең аз жалған оң позитивтермен қорғаныс пен өнімділіктің ең жақсы үйлесімін көрсетті.

Windows ОЖ құрылғыларын қорғауға арналған Kaspersky Plus шешімі барлық қатысушы өнімдер арасында SE Labs’ Endpoint Security: Home 2023 төрт тоқсандық тесттерде жалпы қорғаныс тиімділігінің (Total Accuracy Rating) ең жоғары бағасын алған жалғыз шешім болды. Kaspersky Safe Kids шешімі жасына сәйкес келмейтін сайттардың кем дегенде 98% - бұғаттап, бірде-бір жалған нәтиже көрсетпеді, сол себептен AV-Comparatives’ Parental Control Certification сертификатынан өтті.

"Касперский Зертханасының" шешімдері AV-TEST-тен BEST 2023 жыл сайынғы жеті сыйлығын алды. Атап айтқанда, Kaspersky Plus macOS үшін ең жақсы қорғаныс шешімі деп танылды. Kaspersky Standard, бизнеске арналған Kaspersky Security және Kaspersky Small Office security шешімдері Advanced Threat Protection 2023 марапаттарын төлем бағдарламалары мен стилерлерді қолдана отырып, күрделі нысаналы шабуылдардан тамаша қорғағаны үшін, сондай-ақ жыл бойына жалған оң позитивтердің ең аз саны үшін Best Usability 2023 марапаттарын алды.

Kaspersky Standard, бизнеске арналған Kaspersky Security және  Kaspersky Small Office Security шешімдері AV-TEST тест зертханасы жүргізетін жеке пайдаланушылар мен компаниялар үшін қорғаныс шешімдерінің екі айлық сертификаттау нәтижелері бойынша TOP PRODUCT рейтингтерін тұрақты түрде алады. Тестілеу процесі нақты және кең таралған киберқауіптерден қорғаудың екі сценарийін, өнімділік деңгейін бағалаудың бес сценарийін және жалған оң позитивтердің санын үнемі бақылауды қамтиды.

Kaspersky Endpoint Detection and Response Expert (KEDR Expert) өнімі жүйені 100% күрделі қауіптерден қорғап, AV-Comparatives компаниясының Endpoint Prevention & Response (EPR)  тестінің нәтижелері бойынша "Стратегиялық көшбасшы" мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ  AV-TEST Approved Advanced Endpoint Detection and Response Certification сертификатынан өтті. Зерттеуге Hafnium және Lazarus кибергруппаларының шабуылдарына еліктеу кірді. Бірінші сценарийде KEDR Expert шешімі барлық зиянды әдістерді, екіншісінде ― 30-дан 29 тапты. Өнім SE Labs’ Enterprise Advanced Security (EDR) тестінде ең жақсы нәтижелерге қол жеткізді, жалған позитивті емес барлық 16 мақсатты шабуылдарды анықтады және жалпы қорғаныс тиімділігінің ең жоғары бағасын алды (Total Accuracy Rating).

Бизнеске арналған Kaspersky Security және Kaspersky Small Office өнімдері SE Labs төрт тоқсандық Endpoint Security (EPS) тесттерінің үшеуінде Total Accuracy Rating ұпайлары бойынша қатысушылар арасында ең көп ұпай жинады және барлық төрт тоқсандық тесттерде ең жоғары AAA марапатына ие болды. Сондай-ақ, бизнеске арналған Kaspersky Security AV-Comparatives қорғаныс шешімімен рұқсатсыз манипуляциялардың алдын алу қабілетіне    тестілеуден өтті. Ол жүйенің және пайдаланушы деректерінің жоғары қорғанысын үздіксіз қамтамасыз етуді жалғастыра отырып, өнімнің өзіне жасалған шабуылдарға қарсы тұру қабілетін растады.

"Жыл бойына көптеген тәуелсіз тесттерге қатысу арқылы біз кемелдікке деген ұмтылысымызды көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар киберқауіпсіздік шешімдеріміздің жеке пайдаланушылар мен бизнестің заманауи талаптарына сәйкестігін растаймыз. Тәуелсіз зерттеулердің нәтижелері бойынша жоғары бағалар мен марапаттар біздің қорғаныс идеясына берілгендігімізді көрсетеді. Біз индустрия стандарттарына сәйкес келуді ғана емес, сонымен қатар тез өзгеретін киберқауіпсіздік ландшафтында күтілетін нәтижелерден асып түсуді мақсат етеміз. Тәуелсіз тестілеу ұйымдар мен жеке пайдаланушыларға киберқауіпсіздік шешімдерін негізделген таңдау жасауға мүмкіндік береді", ― деп түсіндірді Александр Лискин, "Касперский Зертханасының" қауіп-қатерді зерттеу басқармасының басшысы.

 https://www.kaspersky.ru/top3 сайтынан тестілеу әдістемесі мен процесі туралы көбірек біліп, сонымен қатар сайтта ТОП-3 қатысушыларының толық тізімін көре аласыз.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.