Көкшетаудағы дағдарыс орталығындағылар сан түрлі тағдырымен бөлісті
Бүгінде кейіпкерлеріміз балаларымен бірге Көкшетау қаласындағы “Шанс” Дағдарыс орталығында, онда оларға толық құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Үш әйелдің әңгімелері ұқсас: олар сүйікті ер адамдарына ерте тұрмысқа шығып және олармен өз үйінің шатырының астында қандай оқиғалар болатынын білмеді.
Ақмола облысы ПД әйелдерге зорлық-зомбылықтан қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері атап өткендей, жыл сайын полицияға жүздеген әйелдер жанжал, шу, түрлі арызбен жүгінеді және олардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіледі. 2024 жылдың екі айында ғана учаскелік инспекторлар 812 қорғау ұйғарымы мен 290 ерекше талап шығарды. Бұл шаралар жәбірленушіні агрессордан қорғауға мүмкіндік береді, алайда қиын жағдайларда әйелдер балаларымен бірге дағдарыс орталықтарында болуға мәжбүр болады.
Бүгінгі таңда Ақмола облысының аумағында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған баспаналары бар 5 дағдарыс орталығы жұмыс істейді (Көкшетау, Степногорск, Щучинск, Атбасар қаласы мен Ақмол ауылында) және 3 консультациялық орталық (Ақкөл қаласы, Державинск қ. және Қорғалжын а.). Өткен жылы мекемелерге 87 әйел мен 155 бала орналастырылды.
22 жастағы Ольга (аты өзгертілді) бес жыл бұрын тұрмыс құрған. Жас отбасында екі ұл дүниеге келді, бірақ қаржылық мәселелерге байланысты ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындаған, әдеттегідей оқиғада әрқашан әйел кінәлі болды. Осы жылдың ақпан айының басында агрессор әйелі туралы да, жақын арада туылуы керек нәресте туралы да ойланбастан, жүктіліктің үлкен кезеңінде жүрген Ольганы және үлкен ұлын ұрып тастады. Әйел үйден шығып, көршісіне көмекке жүгінген, ол өз кезегінде полицейлерді шақырған. Полиция қызметкерлері әйелді орталыққа орналастырды, бүгінде ол сол жерде.
Нұргүл (аты өзгертілді) отбасылық өмірінің 16 жылында тұрмыстық зорлық-зомбылықпен арпалысып, бірақ үш бала үшін шыдаған. Әкесіз өскен әйел әкесінің сүйіспеншілігіне мұқтаж болды және балалары үшін мұндай өмірді қаламады, алайда балалар әкелерінің екі пышақ алып, анасына шабуыл жасаған сәтінің куәгерлері болды. Ұрып-соғудан, сатқындықтан және психологиялық зорлық-зомбылықтан аман қалған Нұргүл бүгінде орталықта көрсетілетін мамандардың көмегіне мұқтаж болып отыр.
14 жыл күйеуімен некеде тұрған Светлана (аты өзгертілген) үшін жұбайының ішімдікке тәуелділігі кету нүктесіне айналды. Мас күйде жұбайы әйелін себепсіз ұрып немесе балағаттап, ал таңертең кешірім сұраған күндер болған. Үнемі шиеленістен шаршап, мұндай көзқарасқа төзудің қажеті жоқ екенін түсінген әйел полицейлерден көмек сұрады. Мәжбүрлі шара ретінде Көкшетау қаласы ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің қызметкерлері Светлана мен оның балаларын дағдарыс орталығына орналастырды.
Бүгінде ерлі-зайыптылар татуласты, ал әйелінің басты шарты – күйеуінің ішімдіктен толық бас тартуы болды. Әкесі мен балалары арасындағы қарым-қатынас қайта жанданды, ал Светлана өзі отбасылық өмір әлі де жақсарады деп үміттенеді.
Полицейлер атап өткендей, кез-келген кішігірім жанжал немесе отбасылық жанжал кейіннен кісі өлтіруге немесе ауыр дене жарақатына әкелуі мүмкін, сондықтан полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы жеке немесе туыстарыңыздан, көршілеріңізден естіген жағдай болса, дереу хабарлау қажет.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың шілдесінен бастап полиция мұндай қылмыстарды тіркеудің мәлімдемелік сипатынан анықтау сипатына көшті, яғни хаттама жасау және агрессорды жауапқа тарту үшін қазір куәгерлердің, көршілердің камераларының немесе бейнетіркегіштің жазбалары жеткілікті.
[xfvalue_img]