СҚО полицейлері интернет-алаяқтықтың алдын алудың жаңа тәсілдерін пайдалана бастады
Интернет-алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын тәртіп сақшылары ұдайы жүргізіп тұрады. Алайда кәдімгі жадынама үнемі қол астында болмайды. Жаһандық проблеманың қаупі туралы ескерту бірден әрі жиі көзге түсуі үшін Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алдын алу сипатындағы ақпаратты полиэтилен пакеттерде басып шығаруды ұсынды.
Бұл бастаманы белсенді азаматтық ұстанымы бар жергілікті жеке кәсіпкер Сергей Векерле қолға алды.
«Соңғы уақытта жолдастарымнан, таныстарымнан оларға алаяқтардың хабарласып, кодтарды, парольдарды және жеке басқа қатысты басқа деректерді сұрайтыны туралы жиі естимін, - дейді жеке кәсіпкер. – Сондықтан бұл ұсынысқа бірден келістім». Ол бірден 30 мың пакетке тапсырыс берді. Пакеттердің сыртында интернет-алаяқтықтың қаупі туралы маңызды ақпарат жазылған.
Осындай мақсатпен аудандық полиция бөлімінде өткен кеңесте полицейлер мен прокурорлар жергілікті бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Тауар пакеттері аққайыңдық әр дүкенге таралуы үшін жиын қатысушылары оларды өзіндік құнымен кәсіпкерлік бөлімі арқылы сатып алу туралы келісімге келді. Бұл жұмыстар кибералаяқтықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған «Anti-Fraud» жедел-профилактикалық іс-шарасының басында өткізілді.
«Полиция қызметкерлерінің профилактикалық жұмыстар барысында мақсаты – айлакерлердің қулықтары мен алаяқтықтың қаупі жайлы әр адамға айту, - дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Әлнұр Ахмедияров. – Біздің қызметкерлер бұл жайлы акциялар кезінде, үйді-үйге барғанда азаматтарға айтып жүреді, ауылдық округтерде WhatsApp мессенджерінде чаттарда ескертулер жіберіп отырады. Жыл басынан ауданда интернет-алаяқтық фактілері тіркелмеді, бірақ өткен жылы қаскөйлердің әккі әрекетінің салдарынан 9 адам зардап шекті. Барлық жағдайда «банктенбіз» деп өздерін таныстырған алаяқтар хабарласқан. Жүздеген мыңнан 3,5 миллион теңгеге дейінгі шығын келтірілді. Телефон арқылы қаржылық мәселелерді шешпеуді сұраймыз. Сондай-ақ әлдебіреулердің қысым көрсетуімен несиелер алмай, ақша аудармаңыздар. Телефондарыңызға бейтаныс қосымшаларды орнатпаңыздар».
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]