Соңғы күндері жолшылар 200-ден аса автокөлікті қар құрсауынан шығарды
Күре жолда қалып қойған жеңіл және жүк көліктерді қардан шығару, жүргізушілерді жақын маңдағы елді мекендерге жеткізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.
Жолшылар боран басталғалы Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында 200-ден аса автокөлікті қар құрсауынан шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, республиканың басым аумағында тұрақсыз ауа райы сақталуда. Кей өңірлерде бұрқасын, көктайғақ, екпінді жел секундына 30 метрге дейін күшейіп, көріну шектеледі деп күтілуде.
ҚазАвтоЖол қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 785 бірлік арнайы техника және 1420 жолшы жұмылдырылды.
Барлық шұғыл ақпарат Sapar мобильді қосымшасында жүктелген және компанияның ресми сайтында https://kz.qaj.kz/s/ қолжетімді. Сондай-ақ, тәулік бойына 1403 колл-орталығы жұмыс істейді.
[xfvalue_img]