Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері Ресей Федерациясы Түмен облысындағы әріптестері үшін іздеудегі екі қылмыскерді анықтады
Көршілес мемлекеттердің құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы қазіргі заманның өзекті мәселесі. Қылмыстың көптеген түрлерiнiң трансшекаралық сипатын ескере отырып, криминогендiк ахуал туралы ақпаратпен өзара жедел алмасудың, қылмыскерлердi iздестiру жөнiндегi жұмыстың және қызметтiк қызметтiң басқа да бағыттарының маңызы зор.
Жыл бойына Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері ресейлік әріптестерінің ақпараты бойынша Түмен облысының аумағында қылмыс жасаған іздеудегі екі қылмыскерді анықтады. Олардың бірі ұрлық жасағандығы үшін күдікті болса, екіншісіне қатысты кісі өлтіремін деп қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Иван Терзидидің айтуынша, солтүстікқазақстандық және түмендік полицейлердің өзара іс-қимылы іздеудегі қылмыскерлерді, ұрланған көліктерді, хабар-ошарсыз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмысты, сондай-ақ басқа да бірқатар принципті жұмыс желілерін қамтиды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]