Қала аумағында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, жастар қозғалыстары және еріктілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алады және жолын кеседі. Жедел шараның үш күнінде елордада 92 қылмыс тіркелді, оның 12-сі қоғамдық орындарда және көшелерде жасалды. Барлығы 62 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 8 қылмыскер ұсталды.
Сонымен қатар, "Құқықтық тәртіп" аясында 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың арасында ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы. Жол қозғалысы қауіпсіздігі желісі бойынша 1,5 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Көлікті мас күйінде басқарғаны үшін 6 жүргізуші қамауға алынды, сонымен қатар, көлік жүргізу құқығынан айырылған 2 жүргізуші ұсталды.
Мәселен, Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері сағат 04.50-де Қорғалжын тас жолында "Мазда-323" автокөлігін байқаған. Ол өте төмен жылдамдықпен жүрген. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері 47 жастағы жүргізушіден алкогольдің иісін сезеді. Жүргізушіге медициналық куәландырудан өту ұсынылды, оның нәтижелері бойынша жеңіл дәрежелі алкогольдік масаңдық туралы қорытынды берілді. Сонымен қатар, 2020 жылдың қыркүйегінде ер адам мас күйінде көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Ол Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, оған қатысты ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]