«Касперский Зертханасы» және «Халық Қазтелепорт» АҚ киберқауіпсіздік саласында стратегиялық меморандум жасады

«Касперский Зертханасы» және «Халық Қазтелепорт» АҚ киберқауіпсіздік саласында стратегиялық меморандум жасады

«Касперский Зертханасы» және «Халық Қазтелепорт» АҚ стратегиялық ынтымақтастық туралы хабарлайды. Тараптар меморандумға 2023 жылғы 06 қарашада Алматы қаласында қол қойды. 

«Халық Қазтелепорт» АҚ Орталық Азиядағы Halyk Group ірі қаржы тобында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етумен және ақпараттық технологияларды басқарумен айналысады. «Халық Қазтелепорт» АҚ-ның өзінің ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы және Қазақстан Республикасында берілген алғашқы салалық лицензиясы бар. Компанияда 7 Data-орталықтары бар, олардың бірі TIER 3 Facility деңгейінде. Астана мен Ташкентте тағы 2 Data -орталығы (TIER 3) салынуда. 

Серіктестіктің мақсаты киберқауіпсіздік деңгейін арттыру болып табылады. «Касперский зертханасы»  «Халық Қазтелепорт» АҚ-ны киберқорғаудың заманауи өнімдерімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ «Халық Қазтелепорт» АҚ базасында екінші деңгейдегі басқа банктер (ЕДБ) үшін жаңа қызметтер жасайды. Өз кезегінде «Халық Қазтелепорт» АҚ қазақстандық қаржы нарығында «Касперский зертханасы» сервистерін таратуда қызмет көрсетеді. 

«Біз «Халық Қазтелепорт» АҚ-мен серіктестік Қазақстан мен Орталық Азияның қаржы нарығында киберқауіпсіздік деңгейін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз. Бұл қазақстандық компаниялардың ақпараттық қауіпсіздігін жоғарылау деңгейге көтерудің тамаша мүмкіндігі. Біз жемісті ынтымақтастыққа қуаныштымыз, өйткені бұл барлық мүдделі тараптарға пайда алып келеді және ортақ табыстарға алып келеді», — деп атап өтті «Касперский Зертханасының» Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Валерий Зубанов. 

«Біз «Касперский зертханасымен» ынтымақтастыққа өте қуаныштымыз. Өйткені компанияның өнімдері әлемдік нарықта өзін жоғары деңгейде көрсете білді. Біз осы ынтымақтастық аясында тамаша нәтижелерді күтудеміз», - деді «Халық Қазтелепорт» АҚ-ның  АҚ департаментінің директоры Берік Жақаев. 

«Касперский Зертханасы» туралы 

«Касперский зертханасы»  - 1997 жылдан бастап ақпараттық қауіпсіздік және цифрлық құпиялылық саласында жұмыс істейтін халықаралық компания. Бизнестің, маңызды инфрақұрылымның, мемлекеттік органдардың және қарапайым пайдаланушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа буынның қорғау шешімдері мен сервистерінің негізінде компанияның терең сараптамалық білімі мен көп жылдық тәжірибесі жатыр. «Касперский Зертханасының»кең портфолиосы соңғы құрылғыларды қорғауға арналған озық технологияларды, бірқатар арнайы өнімдер мен қызметтерді және күрделі және үнемі дамып келе жатқан киберқауіптермен күресуге арналған кибериммундық шешімдерді қамтиды. «Касперский зертханасы» технологиялары бүкіл әлем бойынша 400 миллионнан астам қолданушылар мен 220 мың корпоративті клиенттерді қорғайды. Толығырақ мына сайтта www.kaspersky.ru.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.