Экспорттық бақыланатын тауарларға (қос мақсаттағы, әскери мақсаттағы) ТІЖ тіркеу туралы
Құрметті салық төлеушілер!
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ТІЖ-ты ресімдеу қағидаларына сәйкес СЭКТН кодында ЭШФ АЖ-да "экспорттық бақылау" белгісі болған жағдайда, ТІЖ-ты импортқа/экспортқа ресімдеу кезінде "А"бөлімінің 11-тармағына белгі қою қажет екенін еске салады.
Мұндай тауарлар туралы ақпарат G10 «Экспорттық бақылауға жататын тауарлар туралы деректер (қос мақсаттағы, әскери мақсаттағы)» бөлімінде толтырылады.
Экспорт/импорт үшін ТІЖ G10 бөлімін толтырған кезде біз мыналарды ұсынамыз:
- Егер сізде экспорттық бақылауға жататын өнімдерді импорттауға/экспорттауға лицензияңыз болса: "экспорттық бақылау" - "рұқсат құжаттары" мәзіріне лицензия бойынша мәліметтерді енгізу қажет. ТІЖ G10 бөлімін толтыру кезінде G10.4 "құжат нөмірі", G10.5 "берілген күні", G10.6 "аяқталған күні" жолдарында тиісті лицензияны көрсету қажет.
- Егер сізде ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің Тауарларды экспорттық бақылауға жататын өнімге жатқызу (жатқызбау) туралы қорытындысы болса: "экспорттық бақылау" мәзірінде - "рұқсат құжаттары", сондай-ақ G10.4 "құжат нөмірі", G10.5 "берілген күні", G10.6 "аяқталу күні" толтырылмайды. Бұл ретте G10 бөлімінде, 19 "қосымша ақпарат" жолында қорытындының нөмірі мен күнін толтыру қажет.
- Егер сізде ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитетінің лицензиясы мен қорытындысы болмаса, бұл ретте ЭШФ АЖ-дағы тауарлардың СЭКТН кодтары экспорттық бақылауға жататын тауарларға жатады: мұндай тауарлар бойынша деректер G10-бөлімде толтырылады. Бұл ретте G10.4 "құжат нөмірі", G10.5 "берілген күні", G10.6 "аяқталған күні" лицензиясы/рұқсат құжаты бойынша өрістерді толтыру талап етілмейді.
СЭКТН кодының экспорттық бақылауға қатысы бар-жоғын ВҚҒА қойындысындағы «Анықтамалар» бөлімінде білуге болады.
Сонымен қатар, толық нұсқаулар сілтемеде де бар https://kgd.gov.kz/sites/default/files/ftpdata/ESF/Инструкция_Оформление_СНТ_на_товары_ЭК_каз_рус_final_2023.zip
[xfvalue_img]