Микроқаржылық ұйымдар мен борышкердің салық ауыртпашылығы уақытша төмендетіледі

Микроқаржылық ұйымдар мен борышкердің салық ауыртпашылығы уақытша төмендетіледі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті микроқаржылық ұйымдар үшін борышкерге қойылатын талаптың мөлшері азайтылған кезде пайда болатын  провизиялар (резервтер) мөлшерін төмендету бойынша салықтық жеңілдік енгізілетінін хабарлайды.

Салық кодексіне микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға (ломбардтарды қоспағанда) қатысты өзгертулер олардың салық салу ерекшеліктерін ескере отырып енгізілген және толықтай салық салудан босатуды көздемейді.

Қазіргі уақытта корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемелерді есептеу кезінде мұндай ұйымдар берілген микронесиелерді қайтармаумен байланысты залалдарды шегерімге жатқызады.

Бұл ретте аталған микронесиелерді кешірген жағдайда микроқаржылық ұйым корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде бұрын шегерімге жатқызылған сомаларды кірісіне қосады.

Осыған орай, халықтың несиелер бойынша проблемалық берешектерін азайту мақсатында Заң жобасымен корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде қарызды кешіруден туындаған кірісті, бірақ тек 0,2 коэффициент мөлшерінде және тек борышкерге қойылатын талапты азайтқан жағдайда танымауды көздейтін уақытша (2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін) алып қою қарастырылған.

Микроқаржылық ұйым жеке тұлғаның микронесие бойынша қарызын кешірген кезде мұндай тұлғада кіріс пайда болады. Заң жобасымен салық салу мақсатында коллекторлық агенттік мемлекеттік бажды төлеу нәтижесінде алған табысын қоса алғандағы мұндай кірісті жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырмау көзделген.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.