СҚО полицейлері шетелдік есепте тұрған көлік жүргізушілерімен жасалған 43 бқзушылықты анықтады
Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін шетелде тіркелген автокөлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. 1 қыркүйектен бастап, шетелден әкелінген машиналарды заңдастыру үшін адамдарға берілген мерзімдер аяқталған соң, СҚО полицейлері күн сайын шетелдік нөмірлері бар автокөліктер бойынша рейдтер жүргізуде. Тәртіп сақшылары жүргізуші куәліктерін, техникалық паспорттарды және басқа да құқық белгілейтін құжаттарды тексереді. Рейдтердің өтуі барысында барлығы 432 автокөлік тексерілді. 43 құқық бұзушылық анықталды. Жиі жасалатын бұзушылықтар - мерзімі өткен сақтандыру, техникалық байқаудан уақтылы өтпеу.
"Бұл жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі және ҚР Ішкі істер министрлігінің бақылауында", — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Григорий Тыш. - Рейдтердің мақсаты - шетелдік есепте тұрған автокөліктердің ҚР заңнамасының талаптарын сақтауы. Бұл әсіресе транзиттік автотрафикасы жоғары шекаралас аймақта байқалады".
Жыл басынан бері СҚО аумағында шетелдік есепке алынған автокөліктердің қатысуымен 34 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 7 адам қаза тауып, 52 адам жарақат алды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]