Ақтау кинотеатрларында салықтық сауаттылық туралы бейнероликтер көрсетіледі
Кинотеатрлар Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасын қолдап, кинозалдарда «Егер салық төленбесе не болады?», «Қарызсыз демалысқа шығыңыз!», «Мемлекеттік кірістер органдарының цифрлық өнімдері» және т.б. тақырыптар бойынша әлеуметтік бейнероликтер көрсетуде.
Көрермендер бұл бейнероликтердің танымдық және көңілді болғанын, сонымен қатар облыстық МКД-ның ең қарапайым қызметкерлері дайындағанына таң қалды.
«Қолжетімді нысанда түсіндірудің бұл форматы еліміздің қазіргі заманғы салық жүйесі туралы көрсетеді, бюджет дегеніміз не және оның құрамдас бөліктері, ел, өңір және қала өміріндегі салықтардың рөлі қандай екенін түсіндіреді. Салық төлеушілерге арналған мобильді қызметтер туралы айтады. Жеке тұлғалар төлейтін салықтарға ерекше назар аударылады – бұл көлік салығы, мүлік салығы, сондай-ақ жалпыға бірдей декларация. Көрермендер салық төлеушілердің міндеттерімен де, құқықтарымен де танысады», - деп атап өтті Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Бауржан Тоқабаев.
Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаменті
Кинотеатр бойынша бейнесі осында жарияланған
https://www.instagram.com/p/CyQaoEpiifn/
сондай-ақ, біздің телеграм арнасынан жүктеуге де болады
https://t.me/aktau_akimat12/52157
[xfvalue_img]