Астаналық полицейлер азаматтарға пара бергені үшін жауапкершілік туралы ескертеді
Пара беру, сондай-ақ оны алу пара алушы үшін де, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға итермелеуші үшін де қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады.
Полицейлер мемлекеттік лауазымды атқаратын адамға пара беру қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын және ҚР ҚК 367-бабына сәйкес параның алпыс еселенген мөлшерінде айыппұл салуға не он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады.
Бұл ретте азамат пара бергені туралы құқық қорғау органына өз еркімен хабарлаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Атап айтқанда 2023 жылдың басынан бері елордалық Полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің нақты алгоритмінің нәтижесінде пара берген азаматтарға қатысты 16 сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта жеті адам кінәлі деп танылып, сотталды. Қалған қылмыстық істер бойынша тергеу амалдары жалғасуда, соңғы шешімін тиісті құзырлы органдар береді.
Астана қаласы ПД Баспасөз қызметі
[xfvalue_img]