Астаналық полицейлер жаңа оқу жылында жол қауіпсіздігін еске салады
Ағымдағы жылдың 27 тамызы мен 5 қыркүйегі аралығында жаңа оқу жылының басында балалардың жол-көлік қауіпсіздігін алдын алуды жандандырып, қоғамның назарын аудару мақсатында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде..
Жедле профилактикалық іс-шаралар шеңберінде полиция жергілікті атқарушы органдармен және мектептермен бірлесе отырып, білім беру нысандары маңындағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша проблемалық мәселелерді бақылайды. Сондай-ақ студенттермен, мектеп оқушыларымен сабақ, дәріс, көрнекі үгіт тарату арқылы профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Кәмелетке толмағандардың жол қозғалысы қауіпсіздігінің негізгі ережелері туралы хабардар болуын арттыруға үлкен көңіл бөлінеді. Балаларды әлеуметтік желіні, түрлі-түсті графика мен бейнероликтерді пайдалана отырып, интерактивті түрде оқытуға баса назар аударылады.
Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары мектептерге іргелес аумақтар мен жол жиектерін қарқынды патрульдеуде, барлық мектептерде полиция жасақтары орналастырылған.
Астана қаласы Полиция департаменті жүргізушілерге жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Мектептер мен балабақшалардың жанында, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінен, қоғамдық көлік аялдамаларынан өткенде, әсіресе аулаларда өте сақ болыңыз. Тұрғын ауданда жылдамдықты сақтау керек және тек жол бөлігіне ғана емес, сонымен қатар тротуарлар мен ойын алаңдарына да БАСА назар аудару керек.
Астана қаласы ДП баспасөз қызметі
[xfvalue_img]