Полиция қызметкерлері көшеде құлап қалған зейнеткерге медициналық көмек көрсетті
Бірер күн бұрын СҚО Полиция департаменті құрамындағы тылдық қамтамасыз ету басқармасының ғимараттарды күзету бөлімшесінің полицейлері департамент ғимаратының маңында тротуарда отырған қарт әжейді байқады. Зейнеткердің айтуынша, сол маңнан өтіп бара жатып сүрініп құлап қалған. Полиция кіші сержанты Еркебұлан Әкімбек пен қатардағы полицей Талғат Қайырбек оны бақылау-өткізу пунктіне алып келіп, дәрі қобдишасындағы заттармен алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зейнеткер әйел алғысын айтып, үйіне кетті. Өзі айтқандай, Қазақстан Конституциясы көшесінде орналасқан полиция ведомствосынан алыс тұрмайды екен.
Бұдан соң полицейлер қызметтерін жалғастырды. Алайда, бұл оқиғаны бейнебақылау камераларынан көрген аға әріптестері олардың сауатты әрекеттерін назарға алып, басшылыққа баяндады.
«Арнайы даярлық сабақтарында барлық полиция қызметкерлерін осындай жағдайлар орын алған кезде әрекет етуге үйретеді, - дейді СҚО ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының бастығы полиция майоры Асхат Жомартов. - Полиция кіші сержанты Еркебұлан Әкімбек пен қатардағы полицей Талғат Қайырбек те полицияға қызметке жуырда ғана орналасты. Екеуі де әскер қатарында мерзімді қызметтен өткен. Тәртіптерімен және қызметке деген жауапкершілігімен ерекшеленеді».
Полиция қызметкерлері облыс тұрғындары мен қонақтарына уақтылы көмек көрсететін осындай жағдайлар жиі кездеседі. Бірақ, қауырт жұмыс пен тәртіп сақшыларының қарапайымдылығынан мұндай фактілер жария етілмейді. Олардың тек бір бөлігі ғана әлеуметтік желілерде алғыс түрінде жарияланады не болмаса басшылықтың атына хатпен келеді. Тәжірибе көрсеткендей, солтүстікқазақстандықтар патрульдік полиция қызметкерлеріне жиі алғыс білдіреді, өйткені олар төтенше жағдайлар орын алған жерлерге алғашқылардың бірі болып келеді және кез келген ауа-райында қала сыртындағы жолдарда адамдардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді.
Юрий Клыков
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
28 пікір