Жыл басынан бері СҚО полицейлері тіркелмеген 64 мылтықты тәркіледі
СҚО полицейлері адамдарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартпай, тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.
Мамлют ауданында ауланы аралау кезінде 38 жастағы ер адамнан 16 калибрлі "ТОЗ" аңшылық мылтығы табылды. Ол оны көктемде дала жұмыстары кезінде тапқанын айтты. Ал Жамбыл ауданында полиция 32 жастағы мал бағушыдан 16 калибрлі "ИЖ" мылтығын тапты. Заңсыз сақтау фактісі учаскелік инспекторлар мен табиғат қорғау полициясы қызметкерлерінің мал ұрлығының, экологиялық және басқа да қылмыстардың алдын алу бойынша жоспарлы пысықтауларын жүргізу кезінде анықталды. Қойшының айтуынша, ол қару батпақтан тауып алған.
"Естеріңізге сала кетейік: заңсыз сақталған қару қауіпті — ол жазатайым оқиғаны тудыруы немесе қылмыскерлердің қолына түсуі мүмкін", — дейді СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Серік Әлжанов. - Тіркелмеген қаруды анықтау бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі. Жыл басынан бері облыста 64 бірлік тәркіленді. 23 адам заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырды. Тиісті тексерулерден кейін олар толығымен жауапкершіліктен босатылды".
Сондай-ақ, полицейлер заңды қару иелеріне қауіпті заттарды сақтауға жауапкершілікпен қарау керектігін ескертеді. 6 айда сақтау ережелерін бұзғаны үшін 434 хаттама және қаруды тіркеу, сондай-ақ қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін 170 хаттама жасалды.
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
8 пікір