БҰҰДБ ҚР-дағы кәсіп және адам құқықтары мәселелері бойынша Ұлттық базалық бағалау нәтижелерін жариялады

БҰҰДБ ҚР-дағы кәсіп және адам құқықтары мәселелері бойынша Ұлттық базалық бағалау нәтижелерін жариялады

 Қазіргі уақытта Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан БҰҰ-ның "Кәсіп және адам құқықтары" даму бағдарламасы жобасының алғашқы нәтижелері белгілі болды. Бұл бастаманың мақсаты - "адам құқықтары аспектісінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы БҰҰ-ның басшылық қағидаттарын" енгізу арқылы азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін нығайту. Дөңгелек үстел барысында Астанада кәсіп және адам құқықтары мәселелері бойынша Ұлттық базалық бағалау шеңберінде алынған қорытындылар айтылды.

Осылайша, Қазақстандық компанияларға адам құқықтары саласындағы жеке саясатты әзірлеу, қабылдау және енгізу ұсынылады. Басқа ұсыныстардың ішіне– өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін декреттік демалысқа байланысты ақшалай жәрдемақы алу құқығын заңнамалық тұрғыдан бекіту, сондай-ақ жұмыс орнындағы жыныстық қудалауға қарсы күрес мақсатында еңбек қатынастары саласындағы заңнаманы қабылдау - кіреді.

"Кәсіп және адам құқығы" жобасы БҰҰДБ мен Жапония басшылығының кәсіпті жауапкершілікпен жүргізуді жаппай насихаттау мақсатымен жасалған үлкен бастамаларының бір бөлігі болып табылады, және бұл жоба қазіргі сәтте 17 елде орын алуда.

Көрсетілген басты принциптер 2011-ші жылы БҰҰ-ның жеке тұлға құқықтары Кеңесінің бірегей мақұлдамасына ие болған, және олар мемлекеттер мен ұжымдарға арналған "Қорғау - Құрметтеу - Құқық қорғау тәсәлдері" жүйесін енгізуде пайдаланылатын ұсыныстар мен ережелерден тұрады.

Принциптердің негізі үш ең маңызды элементтерден тұрады: мемлекеттің жеке тұлға құқтарын қорғауға тиістілігі, адам құқтарына бағынудағы ұжымның жауапкершілігі, бағынбаған жағдайдағы құқықтарды қорғау әдістерінің қол жетімділігі.

БҰҰ-ның кәсіп және адам құқықтары жөніндегі жұмыс тобы сол салаға қатысты ұлттық әрекет ету жоспарларын (ҰӘЕЖ) құрып, барлық қатысушы мемлекеттерді БҰҰ-ның басты нұсқаулықтарын іске асыру құралы ретінде сол жоспарларды қолдануға шақырды.

Адам құқықтары аспектісінде кәсіптің жұмысына қатысты заңдар қабылдаған әлемдік экономикалардың қатарына Ұлыбритания, Франция, Германия, Норвегия және басқа елдер жатады. Мұндай заңдар кәсіптің адам құқықтарына жағымсыз әсерін анықтауға, алдын алуға және ескеруге міндеттейді.

«Жапония Бизнестегі адам құқықтарының ұлттық жоспарын қабылдаған алғашқы елдердің бірі. Одан бөлек, Жапония тек компаниялардың өздері ғана емес, сонымен қатар олардың жеткізу тізбегіндегі кәсіпорындардың да адам құқықтарын құрметтеу жөніндегі Жалпы нұсқауларды әзірледі және енгізді, бұл барлық деңгейлерде жауапты бизнес жүргізу саясатын күшейтеді. Біз бұл тәжірибенің Қазақстанда да артық болмайтынына  сенімдіміз», - деп БҰҰ Даму бағдарламасы Тиімді басқару департаментінің басшысы Айнұр Баймырза назар аударды.

ҰӘЕЖ-ның қамту саласына, мазмұны мен басымдықтарына қатысты кез келген шешімдер қабылданбас бұрын кәсіп және адам құқықтары мәселелері бойынша Ұлттық базалық бағалау (ҰББ) жүргізіледі.

ҰББ-ның негізгі мақсаты - БҰҰ-ның нұсқауларының нақты бір мемлекетте орындалуының қазіргі деңгейін бағалау. Ол БҰҰ нұсқаулықтарын іске асырудағы құқықтық және саяси ахаулардың талдауын Кәсіптің адам құқықтарына кері әсерінің бақылауларымен біріктіріп, осы контексттегі адам құқықтарының ең маңызды мәселелерін анықтайды.

Татьяна Зинович, "Құқықтық Саясатты Зерттеу Орталығы" Қоғамдық Қорының Директорының міндетін атқарушысы, атап өткендей, "Біз кабинеттік талдау; мемлекет мүшелері, кәсіпкерлер және қоғам тұрғындары өкілдерімен 6 сұхбат пен 4 фокус-топты қамтитын далалық зерттеу; кәсіп тәжірибесін талдау үшін 278 кәсіпорын арасында онлайн сауалнама жүргізу; Corporate Human Rights Benchmark әдіснамасының негізінде БҰҰ-ның басты принциптері кәсіп саясатында қай деңгейде қолданылуын бағалау үшін 60 ұжымның сайтын скрининг және мониторинг жасау - сияқты әртүрлі құралдарды қолдандық".

Зерттеу нәтижелері бойынша компаниялардың қолданыстағы саясатында және адам құқықтарының сақталуына қатысты ұлттық заңнамасында бірқатар ахаулар анықталды. Сондай-ақ оларды жою бойынша ұсыныстар жасалды.

Жалпы, БҰҰ сарапшылары басшылық қағидаттарды іске асырудың үш негізгі бағыты бойынша 20-дан астам түрлі ұсынымдарды атап өтті.

Кәсіп және адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеу мен қабылдаудан басқа, олардың ішінде мынадай бастамалар белгіленді:

- Барлық көшіп-қонушылардың, жұмыскерлердің және олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы конвенция, сондай-ақ 2014 жылғы 1930 жылғы мәжбүрлі еңбек туралы конвенцияға хаттама ратификациялансын.

- ХЕҰ стандарттарын қолдану жөніндегі комитеттің кәсіподақ мүшелеріне қатысты зорлық-зомбылықты мұқият тексеруді қамтамасыз ету, кәсіподақ мүшелерін қудалау практикасын тоқтату, жұмыс берушілердің еркін және тәуелсіз ұйымдарының қызметіне заңнамалық және практикалық кедергілерді жою жөніндегі ұсынымдар орындалсын.

- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін декреттік демалысқа байланысты ақшалай жәрдемақы алу құқығы заң жүзінде бекітілсін.

- Жұмыс орнындағы жыныстық қудалауға қарсы күрес мақсатында еңбек қатынастары саласындағы заңнама қабылдансын.

- Қазақстандық компанияларға адам құқықтары саласындағы жеке саясатты әзірлеу, қабылдау және енгізу ұсынылсын. 

###

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) кедейліктен туындаған әділетсіздікпен, теңсіздікпен және климаттың өзгеруімен күресетін БҰҰ-ның жетекші мекемесі болып табылады. 170 елдегі сарапшылар мен әріптестеріміздің кең торабымен жұмыс істей отырып, біз адамдар мен ғаламшар үшін кешенді, ұзақ мерзімді шешімдерді әзірлеуге көмектесеміз. Қосымша ақпарат алу үшін undp.org сайтына өтіңіз немесе @UNDP-де жаңалықтарды қадағалаңыз.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.