Аурудың алдын-алу – денсаулықтың кепілі!

Аурудың алдын-алу – денсаулықтың кепілі!

Міне, 30 жылдан астам уақыт адамзат қазіргі заманның басты жахандық мәселелерінің бірі «АИТВ инфекциясының таралуын қалай тоқтатуға болады?» деген сұрағына жауап іздеуде. Әрине, медициналық қызметкерлер, өз тарапынан бұл сұрақтың шешімін жеткілікті тапқандай, яғни АИТВ жұқтырған адамды қоғамға анағұрлым қауіпсіз ету үшін ретровирусқа қарсы терапияны колдану, вирустың организмде барын анықтау үшін халықтың мүмкіндігінше көп пайызын тексеру.

Соңғы жылдары АИТВ-инфекциясы айрықша есірткі тұтынушылардың ауруы болуын тоқтатты, оны жиі өркендеген адамдардан анықтайтын болды.

Вирус көбіне жыныстық қатынас арқылы және парентералды, инъекциялық есірткі арқылы жұғады. Дегенмен қазір парентералдық жол арқылы жұқтыруға қарағанда жыныстық жолмен жұқтыру 3 есе артты.

Инфекцияны қоғам жағынан дұрыс түсіну қажет! АИТВ орталығының мамандарымен бұл мәселенің шешілуі үшін барлық жағдайы жасалып жатыр: халықты вирустың барына тексеріп, вирус анықталған жағдайда диспансерлік бақылауға алынып, ретровирусқа қарсы терапия тағайындалады, пациенттерге айналаңыздағы адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп төндірмес үшін қоғамда өзін қалай дұрыс ұстау керек екендігі хабардар етіледі.  

АИТВ-ның таралуы әлеуметтік мәселе болғандықтан, халықты АИТВ-ның алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру маңызды рөль атқарады. Дәл осы мақсатпен, әр адамды ескерту үшін әртүрлі профилактикалық шаралар жүргізіледі: тренингтер, семинарлар, жаппай акциялар, БАҚ арқылы ақпараттық науқандар, интернет арқылы - АИТВ орталығының жеке сайты және әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды.

Сонымен, бәрімізге есте сақтау қажет:

  • жыныстық қатынас –қорғалған;
  • медициналық құралдар – залалсыздандырылған;
  • достармен бас қосу – есірткісіз болуы керек.

Әрине, тәуекелдік тәжирибені ұстанған адамдарды қорғау, үйреншікті  өмір салтын немесе жүріс-тұрысын өзгерту өте қиын. Бірақ жағдай үмітсіз емес – оны өзгертуге болады және өзгерту керек!  Және де алдымен өзімізден бастау керек. Сізден басқа ешкім, өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасамайды, тек СІЗ өзіңіздің және балаларыңыздың өміріне жауаптысыз!

Бастысы – өзіңізді және басқаларды құрметтеу, болашақ - сізге байланысты екенін ұмытпаңыз. 

Астана қаласы әкімдігінің

«АИТВ инфекциясының алдын орталығы» МКҚК

Айгерим Ахметова, дәрігер-эпидемиолог

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.