АИТВ-инфекциясының жыныстық жолмен таралуының алдын алу.
АИТВ-инфекциясы дегеніміз не? АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусынан туындайтын жұқпалы ауру, ол ағзаның қорғаныс жүйесінің қалыпты жұмысының бұзылуына әкеледі. АИТВ негізгі үш жолмен жұғады. Атап өтетін болсақ, жыныстық жолмен, қан арқылы, АИТВ-ға оң нәтижелі анадан балаға жұғады. Соның ішінде соңғы жылдары жыныстық қатынас арқылы жұқтырудың жаңа жағдайлары көп тіркелуде.
Жыныстық қатынас кезінде АИТВ жұқпасы әйелден еркекке қарағанда, еркектен әйелге әлдеқайда жеңіл және жиі беріледі. Әйелдердің жұқтыру қаупі аналды секс немесе қынап аурулары болған кезде айтарлықтай артады. Сондай-ақ, тұрақсыз серіктестер бар немесе инъекциялық есірткіні тұтынушы, бұрын АИТВ-оң адамдармен жыныстық қатынаста болған немесе еркектермен жыныстық қатынаста түскен жағдайда АИТВ-пен жұқтырудың қаупі жоғарылайды. Осының салдарынан, АИТВ-тың ер адамнан әйелге берілу мүмкіндігі әлдеқайда жоғары, өйткені әйел адам «қабылдаушы» болып табылатындықтан, бұл оның жұқтыру қаупінің жоғары болуына себепші болады. Бұл жағдай, әсіресе секс қызметкері (СҚ) арасында қауіпті, өйткені олар тұрғындардың осал топтарына жатады, және халық арасында АИТВ-тың жұқтырып алу және оны қоғамға ары қарай таралудың инфекция көзі болып табылады.
Бұл топта АИТВ-тың жаңа жағдайлары неге тіркелуде? Бұл ең алдымен мінез-құлық факторларына байланысты. АИТВ-ны жұқтыру себептерінің бірі – серіктестің үнемі өзгеріп тұруы.
Бүгінгі күнде, қалалық АИТВ орталығының эпидемиолог дәрігерлері, медбикелер және аутрич-қызметкерлері СҚ тобымен алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Достық кабинеттер, стационарлық және жылжымалы Сенім пунктері бар. АИТВ-тың нақты көзі табылғанына немесе табылмағанына қарамастан, АИТВ орталығымен АИТВ-тың таралуын болдырмау үшін күн сайын алдын алу іс-шаралары белсенді түрде жүргізіледі. Мобильді бригада аутрич-қызметкерлермен бірлесе отырып, СҚ-і шоғырланған жерге (сауна, квартира, массаж салондарына және т.б) күндізгі және кешкі рейдтерге шығады. Осылайша, 2022 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша алдын алу жұмыстармен (мүшеқап, үн парақтар тарату) 92% немесе 1836 СҚ қамтылды, АИТВ-ға тестілеуден 90%-ы немесе 1660 СҚ өтті. Осындай уақыт аралығында Достық кабинеттерге 302 СҚ жүгініп, олардың ішінде 157 ЖЖБА анықталып, барлығы емделді.
Қорытындылай келе, СҚ арасында АИТВ және ЖЖБА бойынша жүргізілетін алдын алу жұмыстары – халықтың ауқымды топтарына инфекциялардың таралуын болдырмау үшін жасалады. Әр жыныстық қатынаста мүшеқаптарды қолдану – инфекциялардың таралу ықтималдығын азайтады, бірақ ол 100% адам ағзасын инфекциялардан қорғамайтынын есте сақтаған жөн. Егер ЖЖБА жұқтыру қаупі болған жағдайда, дәрігерге міндетті түрде қаралу қажет. Себебі, профилактика, ерте диагностика және дәрігерлер тағайындаған дәрі-дәрмектермен емделу ауыр зардаптардан қорғайды. СҚ тобы үшін АИТВ орталығының Достық кабинеттерінде тұрақты дәрігерлерге қаралу, АИТВ-ға тестілеуден өту инфекция жұқтырудан қорғанудың негізгі тәсілдері болып табылады.
Достық кабинетінде келесі қызметтерді алуға болады: АИТВ-ға экспресс-тест өтуге; ЖЖБИға (жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға) ПЦР скринингі; ЖЖБИды емдеу; вирустық гепатике тестер;байланысқа дейінгі дәрілік еммен алдын алу ; байланыстан кейінгі емделу; гинекологтың, дерматовенерологтың кеңесі, жеке қорғаныс құралдарын алуға.
Акмарал Жаманова – алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиолог
Астана қаласы әкімдігінің «АИТВ инфекциясының алдын орталығы» МКҚК
[xfvalue_img]
1 пікір