Петропавлдық ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы: "Ең қиыны —осы сәтте көмектесе алмайтын балалардың көзіне қарау"
Көптеген адамдар сияқты Камила Конваева да полиция қызметі кинофильмдер мен телехикаялардағы сияқты деп ойлайтын. 16 жасында, мектепті бітіргеннен кейін, оның болашақ мамандығы туралы мәселе отбасылық кеңесте шешілгенде, ол қарақшылармен күрестің экрандағы романтикасын еске алды. Ата-анасы полиция жұмысы құрметке лайық және әрқашан сұранысқа деген ойда еді. Камила Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсіп, 2020 жылы Петропавлдың ювеналды полицейлерінің қатарына қосылды.
Өмірдегі қызмет кинодағы өмірге мүлдем ұқсамады. Тұрмысы қолайсыз отбасыларға бару және түнгі рейдтерде ауыр түседі және жасөспірімдердің тағдыры үшін көп алаңдаушылықты тудырады. "Мен өмірдегі зұлымдық пен әділетсіздіктің қаншалықты көп екендігін бұрын білмейтінмін", — деп мойындайды Камила. – Дәл осы сәтте көмектесе алмайтын балалардың көзіне қарау - ең қиыны. Ең қуаныштысы- салған күш-жігеріңнің жеміс беретінін көру".
Бірде мектептен келіп түскен хабарлама бойынша полицейлер толық емес отбасын тексерді. Камила әлі күнге дейіні ішімдік ішетін ананың пәтерді қандай күйге жеткізгенін есіне алады. Онымен бірге 17 жасар ұлы өмір сүретін және бәрі оның кәмелетке толған шағында ата-ана құқығынан айыру туралы мәселені көтерудің мағынасы жоқ екенін түсінді. "Бірақ мен әйелді бозбаланың өмірімен айналысуға, колледжге өтініш берсін деп көндіре алдым. Ол жатақханадан орын тапты және бірнеше ай бұрын үйі деп саналған жерді ұмыта алды. Оның қуанышын көру қажет еді. Мүмкін бұл көп емес шығар, бірақ дәл осындай сәттер жұмыстан толықтай ләззат алуға мүмкіндік береді... "
Мүлдем өрескел жағдайлар да жиі орын алып тұрады. Бірде түнгі рейд кезінде ювеналды полиция қызметкерлері жас балалар ішіп алып, шу шығарған үйге барды. Тәртіп сақшылары бірнеше мас еркекті және екі қыздың анасы болып шыққан мас күйдегі жас әйелді анықтады. Біреуі 8 айлық, екіншісі 1,5 жасар бала болды. Тәртіп сақшылары дереу балаларды облыстық балалар ауруханасына апарып, олардың өмірін сақтап қалуға өз қолғабыстарын тигізді. Дәрігерлер екеуінде де созылмалы пневмония бар екенін анықтады. Оның балаларында ауыр диагноздардың бар екендігін әйел тіпті болжаған да жоқ. Ата-ана құқығынан айыру процесі дереу басталды…
"Өз тағдырын полиция қызметімен байланыстырғысы келетін адамдардың барлығына мен үлкен шыдамдылық пен адал болуды тілеймін, — дейді Камила, — ең бастысы, мұнда немқұрайлы адамдардың қызмет атқара алмайтындығын түсіну қажет. Егер адамдарға көмектесу сізге шынайы қуаныш әкелмесе, бұл жұмыстың ауыр соғары сөзсіз".
Игорь Мерцалов
СҚО ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
27 пікір