ҚРКФ төрағасы: «Келіссөздер процесі – еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді тетігі»

ҚРКФ төрағасы: «Келіссөздер процесі – еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді тетігі»

Алматыға жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин қаладағы ең көне энергетикалық кәсіпорындардың бірі – «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-да болып, еңбек ұжымымен кездесті және еңбек саласындағы жағдаймен танысты.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өз желілері арқылы Алматы қаласы мен Алматы облысының тұтынушыларына, барлығы 926 мыңнан астам тұтынушыға – 4 млн адамға электр энергиясын жеткізетін Қазақстандағы ірі инфрақұрылымдық кәсіпорындардың бірі болып табылады.

Басқарма төрағасының орынбасары – кәсіпорынның бас инженері Жақсылық Сағымбеков ҚРКФ төрағасын Жедел басқарманың электр жабдықтарын жөндеу цехы мен диспетчерлік пунктінің қызметімен таныстырды.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басшылығының айтуынша, бүгінде кәсіпорында 3851 адам жұмыс істейді, оның 3572-сі кәсіподақ мүшелері. Өз кезегінде «Серіктес» жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Сабыржан Қали атап өткендей, акционерлік қоғамда 2022-2024 жылдарға арналған ұжымдық шарт әрекет етуде.

«Өзара келіссөздер арқылы біз қызметкерлерге берілетін кепілдіктер бойынша кейбір ұстанымдарды жақсартып, ұжымдық шартта бекіте алдық. Осылайша, хирургиялық ота жасатқан қызметкерлерге қаржылай көмек көрсетіліп, қызметкерлерді сауықтыру үшін қаражат бөлінді. Ал жаңа салалық келісімнің қабылдануының арқасында ұжымдық шартта техникалық инспекторларға 15 000 теңге көлемінде төлемақы қарастырылған», - деді жергілікті кәсіподақ төрағасы.

Айтпақшы, бұл кәсіпорын қызметкерлерінің орташа жалақысы 368 мың теңгені құрайды, бұл саладағы басқа кәсіпорындармен салыстырғанда 10 пайызға төмен. «Алатау Жарық Компаниясы» өткен жылы жұмыскерлердің жалақысын екі рет индексациялады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ еңбек ұжымымен кездесу барысында энергетиктерге еңбекақы төлеу мәселесін көтеріп, ҚРКФ саладағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған шаралары туралы айтты.

«Кәсіподақтар энергетика саласындағы тарифтік саясатты қайта қарауды талап етеді, өйткені, тек өндіріс қуатын жаңғырту ғана емес, сонымен қатар энергетиктердің еңбекақысы да тарифтердің мөлшеріне байланысты. Кәсіподақтар федерациясы мен оның мүше ұйымы – салалық кәсіподақ Энергетика министрлігі мен үкімет атынан әлеуметтік әріптестіктерге тариф саясатын реттеу туралы өтінішпен бірнеше рет жүгінген. Қазір бұл мәселе комиссияда қаралуда. Тарифтерді көтеру мәселесі – қажетті шара», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Әлеуметтік әріптестікті одан әрі дамыту туралы айта отырып, ҚРКФ басшысы жұмыс беруші мен еңбек ұжымы өкілдері – кәсіподақ арасында жүргізіліп жатқан тұрақты еңбек консультацияларының тиімділігіне назар аударды.

«Бір еңбек ұжымы аясындағы әлеуметтік әріптестер арасындағы ашық әңгіме қаржы-шаруашылық қызмет, өндірістік мәселелер мен әлеуметтік кепілдіктерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік береді. Кәсіподақтар федерациясы екі жыл бұрын бастаған «Еңбек консультациялары» акциясы кейбір кәсіпорындарда еңбек даулары мен жанжалдарды болдырмауға мүмкіндік берді. Келіссөздер процесі еңбек ұжымдарындағы өзекті мәселелерді шешудің тиімді тетігі болып табылады», - деді ҚРКФ төрағасы.

Кездесу барысында энергетиктер өздерінің кәсіподақ ұйымына сенетінін және жұмыс беруші мен олардың «Серіктес» кәсіподақ ұйымы атынан өкілдік ететін өкілдерінің өзара іс-қимылының нәтижесін нақты көріп отырғанын атап өтті, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясына салалық және республикалық деңгейде әлеуметтік кепілдіктерді жақсарту бойынша бастамалары үшін алғыстарын білдірді.

Жиын соңында ҚРКФ төрағасы Кәсіподақтар федерациясының марапаттарын табыс етті: энергетика саласының ардагері Кеңесбай Тұрғанбеков «Кәсіподақ ардагері» медалімен, кәсіподақ белсендісі Қанат Әмірешев ҚРКФ Құрмет грамотасымен марапатталды.

ҚРКФ медиаорталығы

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.