Астанада «Құқықтық тәртіп» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Елордада ағымдағы жылдың 1 мен 5 маусым аралығында қоғамдық орындар мен көшелерде құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Құқықтық тәртіп» атты республика көлеміндегі жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Учаскелік полиция инспекторлары, көші-қон қызметінің жеке құрамы, криминалдық, патрульдік полиция және әскери қызметкерлерден мобильді топтар құрылды.
Атыс және суық қаруларды, оған қоса (пышақ, кастет, резеңке таяқ, есірткі сынды т.б.) тыйым салынған заттарды алып жүру және тасымалдау, сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің жолы кесілетін болады.
Жол қозғалысын қадағалауда жол көлік оқиғасына әсер ететін, ережені өрескел бұзатын жүргізушілерді, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге қатысты жұмысқа да ерекше назар аударылады.
Астана қаласының Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтауды, белгілі болған құқық бұзушылықтарды бұзу фактілері туралы полицияға хабарлауды, көлікті жүргізу кезінде реттелмейтін жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерге абай болуды, әсіресе аулаларда өте сақ болуды ескертеді. Біз біргелесіп қаламызды қауіпсіз етеміз!
Астана қаласы ПД баспасөз қызметі
[xfvalue_img]