ХҚКО қызметкерлері «Атамекен» Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталықтарында заңгерлік қызметтерді көрсетеді
Бүгін Астанада алғаш рет Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсететін орталық (КҚКО) ашылды. Енді бизнесмендер ХҚКО мемлекеттік қызметтерін ала алады. Бұл жоба «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ және ҚР «Атамекен» ҰКП бірлестігінің арқасында іске асырылды.
Ашылу салтанатына Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин, әкімнің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин және «Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов қатысты. Іс-шарада ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
«Қазіргі таңда кәсіпкерлер бизнес құру, бизнес-жоспар әзірлеу, салық есептілігін тапсыру мақсатында көбінесе «Атамекен» ҰКП-ға жүгінеді. Кәсіпкерлерге заң қызметтерін бір жерден алу әлдеқайда ыңғайлы болады. Сондықтан біздің мамандар КҚКО-да қызмет көрсету туралы шешім қабылданды. Осылайша, клиенттер ХҚКО-ға бармай-ақ, өз уақытын үнемдеп, заң қызметтерін бір орталықтан ала алады», -деді, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
Айта кетейік, болашақта мұндай орталықтар еліміздің барлық өңірлерінде ашылу жоспарлануда. Клиенттер КҚКО-да қызметтерді өтеусіз негізде де, ақылы түрде де ала алады. Кәсіпкерлер 3 айға дейін келісімшарт жасасып, 500-ге дейін қызметті қамтитын пакетті таңдау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, кәсіпкерлер жеке менеджерді таңдау арқылы, барлық қызмет түрлерін қашықтан өзінің жеке қатысуынсыз рәсімдей алады.
Бірінші ашылған КҚКО Б.Момышұлы даңғ, 2/1 мекенжайында орналасқан. Кәсіпкерлерге көпфункционалды қызмет көрсету орталықтарының ашылуы халықтың кәсіпкерлік сауатын арттыруға, бизнес бастау кезеңінде кәсіпкерлерді кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз етуге, «бір терезе» қағидаты негізінде азаматтарға қажетті қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]