Маңғыстаулық кәсіпкерлерге теміржол тасымалдарында әкімшілік кедергілер келтірген
Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңір бойынша «Көлік сервис орталығы» АҚ мен кәсіпкерлер арасындағы кірме жолдарға жол жүру/тұрақ бойынша келісімдерде көрсетілген мерзімдерге мониторинг жүргізді.
Мониторинг нәтижесінде «Көлік сервис орталығы» АҚ мен кәсіпкерлер арасында кірме жолдарға жол жүру/тұрақ бойынша келісімдер ай сайын жасалатыны анықталды. Бұл өз кезегінде, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеп соғуы мүмкін.
Департамент аталған мәселе бойынша «Көлік сервис орталығы» АҚ филиалына ұсыным жолдады. Нәтижесінде, «Көлік сервис орталығы» АҚ филиалы мен кәсіпкерлер арасындағы келісім жыл соңына дейін ұзартылды.
[xfvalue_img]
13 пікір