Жарияланым ізімен: жамбылдық полицейлер жолдың қарсы жолағына шыққан жүргізушіні тауып, жауапкершілікке тартты
Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полицейлер "Daewoo nexia" маркалы автокөлік жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жолда қауіпті жағдай туғызған бейнежазбаны анықтады.
Іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде Жамбыл облысының ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен осы автокөліктің жүргізушісі анықталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты.
Құқық бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі (Көлік құралы жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) бойынша жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциясына сәйкес, алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Жиналған материалдар әкімшілік сотқа жолданды.
[xfvalue_img]