СҚОда білім бөлімдері мектепге дейінгі ұйымдарды негізсіз тексермек болған
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті жалпы республикалық тәжірибені талдау шеңберінде шағын және орта бизнес өкілдерін негізсіз тексеру фактісінің алдын алды.
Облыс аудандарының және Петропавл қ. білім бөлімдері жеке балабақшалармен жасалған шарттарда, оларға кәсіпкерлерді тексеру іс-шараларымен қамту құқығын беретін тармақты енгізген.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысында 18 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді, олармен білім бөлімдері мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қызмет көрсету шарттарын жасасқан.
Осылайша, тапсырыс берушілер ҚР Кәсіпкерлік Кодексі нормаларының талаптарына, сондай-ақ 2024 жылдың 1 қаңтарына дейін ШОБ тексерулерін жүргізуге мораторийге қарамастан бақылау және қадағалау органдарының функцияларын өздеріне жүктеген, деп түсіндірді ведомствода.
Департамент басшылығы мен облыстың білім басқармасы басшылығының кездесу қорытындысы бойынша жоғарыда аталған тармақты шарттардан алып тастау туралы шешім қабылданды.
[xfvalue_img]
24 пікір