«ҚОСТАНАЙДА КӘСІПКЕР ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ НЫСАНҒА КЕЛЕТІН КІРМЕ ЖОЛДАРҒА РҰҚСАТ АЛА АЛМАҒАН»
Қостанай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, жол бойында орналасқан ғимаратқа кірме жолдарға рұқсат ала алмай жүрген жергілікті кәсіпкер жүгінді.
«Қостанай – Қарабұтақ» автожолын қайта жаңарту жоспарында Рудный қаласына кіре берістегі жол бойында орналасқан нысанға кіреберіс жол қарастырылмаған. Кәсіпкер «Қазавтожол» қоғамына аталған мәселенің шешу жолдарын табу мақсатында бірнеше рет жүгінген, алайда бұл шара нәтиже бермеген соң, облыстық Антикорға жүгінді.
Өтінішті қарау аясында Департамент мүдделі органдармен көшпелі кеңес ұйымдастырды. Кеңес қорытындысы бойынша кафеге кірме жолдар қайта құру жоспарына енгізілді.
ҚР СЖҚІА Қостанай облысы бойынша Департаменті
[xfvalue_img]