Енді ЖШС-ны ашу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ
Енді заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ. Кәсіпкерлер Мемлекеттік корпорациямен келісім шарт жасасып, ХҚКО қызметкерлері арқылы дайын құжаттарға тапсырыс бере алады.
Бұл қызмет Астана қаласында Тұран даңғылы, 37/9 мекенжайы бойынша орналасқан заңды тұлғаларға арналған ХҚКО-да қолжетімді. Клиенттер ақылы негізде 3 айға келісім шарт жасасып, 20-дан 500 қызметке дейін тапсырыс бере алады.
Заңды тұлға жеке менеджерді таңдай алады. Жеке менеджер тапсырыс берушінің қатысуынсыз қажетті құжаттарды рәсімдейді.Ол кеңес көрсетіп қана қоймай, клиентті ХҚКО-ға барудан босатып, барлық қызметтерге өз бетінше тапсырыс береді. Дайын құжаттар жеткізу қызметі арқылы жіберіледі.
Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеу, құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу, сондай-ақ, кәсіпті тоқтату сияқты қызметтерге жиі тапсырыс береді. Құжаттарды жинау және жеке тұлғалармен бірге кезекте тұру уақыты тығыз кәсіпкерлер үшін әрдайым қолайсыздық туғызатын. Сондықтан заңды тұлғаларға қызмет көрсету процесін оңтайландыру мақсатында, жеке ХҚКО ашу туралы шешім қабылданды.
Айта кетейік, бұл қызмет құрылыс салушылар үшін де ыңғайлы, себебі оларға жылжымайтын мүлікке құқықтарды және жер қатынастары бойынша коммерциялық қызметтерді ресімдеуге мүмкіндік беріледі.
[xfvalue_img]