Валютаны ұрлау және алаяқтық — криптовалюта иелері үшін негізгі киберқауіптер

Валютаны ұрлау және алаяқтық — криптовалюта иелері үшін негізгі киберқауіптер

Криптовалютаға байланысты киберқауіптер туралы хабардар адамдардың саны шамамен төрттен бір бөлікті құрайды және осыған ұқсас мөлшердегі адамдардың (23%) олар туралы мүлдем түсінігі жоқ. Бұл әртүрлі елдер тұрғындарының криптовалютаға қатынасын зерттеген «Kaspersky» жаңа зерттеуінің деректері*. Әрбір екінші адам (49%) қандай да бір жолмен криптовалютаға байланысты қылмыстан зардап шекті. Цифрлық ақша иелерінің 40% - ы қолданыстағы қорғаныс құралдары жеткілікті дегенге сенбейді.

Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, криптовалютаны қолданумен байланысты ең танымал киберқауіптер - валютаның ұрлануы және алаяқтық. Бұл туралы респонденттердің 27% және тиісінше 26% хабарлады. Респонденттердің үштен бірінен астамы (38%) цифрлық активтерге иелік етпейтіндер үшін де тәуекелдер бар екенін білмейді. Олар құрылғы иесінен жасырын түрде оның көмегімен криптовалюта өндіретін криптомайнер бағдарламаларымен байланысты.

«Жақында криптовалюта нарығының құлдырауына қарамастан, бұл салада зиянды белсенділік деңгейі төмендеген жоқ. Криптоиндустрия әлі де белсенді дамып келеді және зиянкестер үшін тартымды нысана болып қала береді. Біздің жаңа зерттеуіміз криптовалюта иелерінің цифрлық сауаттылық деңгейін және ықтимал тәуекелдер туралы білімдерін арттыру маңызды екенін көрсетті», - деп түсіндірді «Kaspersky»-дің Қазақстан, Орталық Азия және Моңғолиядағы атқарушы директоры Валерий Зубанов.

Криптовалюталардың артықшылықтарын қауіпсіз пайдалану үшін «Kaspersky» мамандары:

  • әрбір аккаунтқа ғана тән күшті, сенімді құпия сөздерді пайдалануды;
  • күдікті хаттар мен сілтемелерден сақ болуды; құпия деректерді енгізбес бұрын әрқашан парақтың мекенжайын бірнеше рет қарап шығуды;
  • жеке кілттерді ешкіммен бөліспеуді, оларды ешқайда орналастырмауды;
  • киберқауіптер туралы көбірек білуге тырысуды, алаяқтардың қандай тұзақтар қоятыны туралы хабардар болуды;
  • барлық құрылғыларға сенімді қорғаныс шешімдерін орнатуды ұсынады.

* Зерттеуді Австрия, Бразилия, Колумбия, Франция, Германия, Үндістан, Малайзия, Мексика, Сауд Арабиясы, Оңтүстік Африка, Испания, Швейцария, Түркия, БАӘ, Ұлыбритания және АҚШ сияқты 16 елдегі 12 мың адамнан тұратын "Kaspersky"-дің тапсырысы бойынша Arlington Research жүргізді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.