Заң шеңберінен аттағандарға құқықтық тәрбие берілді
Сотталғандарға құқықтық тәрбие беру, қылмыстық-пенитенциарлық саясаттың бір бөлігі болып табылады. Осыған орай, Қызылорда облысы бойынша, №68 мекемесінде жазасын өтеуші сотталғандарға құқтық тәрбие беру мақсатында мекеменің АКАӘПТЖБ- нің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүйелі түрде әртүрлі іс-шаралар өтіліп тұрады. 2023 жылға арналған әлеуметтік - құқықтық оқу бойынша сабақ өткізудің жылдық жоспары жасалып, мекеме бастығымен бекітілген болатын. Осы жоспар аясында мекеменің шаруашылық бөліміне қалдырылған сотталған азаматтары арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы «Еліміздің басты заңы» деген тақырыпта құқықтық сабақ өтілді.
- Мекеме бастығымен бекітілген бұл сабақ енді әр аптаның жұмасында өтіледі. Сабақты өткізудегі мақсатымыз : сотталғандарды дұрыс жаққа бұрмалау, заңды сақтап заңға қайшы кері әрекеттер жасаумауға тәрбиелеу. Бүгінгі сабақ барысында заңдағы өзгерістер, жеңілдіктер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Сотталғандар конституциялық құрылыс негіздері, адам құқықтары мен бостандықтары туралы мағлұмат алды. Қазақстандық патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін ояту мен ой-өрісін кеңейту үшін бұндай сабақтардың жазасын өтеуші азаматтарға берері мол. Өйткені, олар дәрістерден Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, еліміздің заңдарына құрметпен қарап, бағынуды үйренеді- дейді тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы әділет аға лейтенанты Ниязов Нұрсұлтан
[xfvalue_img]