Саяси көшбасшы әйелдер дайындау жобасының басталуы жайлы
Қатысушылар:
Жамбыл облысы әйелдер күштері альянсының төрайымы – Қайназарова А.Р.
Жамбыл облысының саясаткер әйелдер клубының төрайымы – Орынбаева Г.Р.
Жамбыл облысы әйелдерінің саяси көшбасшылық мектебінің директоры – Жексембинова А.К.
Қайназарова А. Р., Жамбыл облысы әйелдер күші Альянсының төрайымы
Біздің республикамыздың барлық облыстары бойынша Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы "Әйелдер саяси көшбасшылығы мектебі" бағдарламасының басталуына бастамашы болды.
Әйелдер күштерінің Альянсы - бұл әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда, гендерлік теңсіздікке байланысты мәселелерді шешуде, сондай-ақ адамзаттың әдемі жартысының өкілдерін саясатта, экономикада және қоғамдық жұмыстарда ілгерілетуге мүмкіндік туғызуға арналған үкіметтік емес ұйым.
Жамбыл облысында әйелдер күштері Альянсының төрайымы-мен, Амина Қайназарова боламын және облыс жұртшылығын әйелдер көшбасшылығын ілгерілетумен айналысатын әйелдер күштері Альянсының жобалары туралы қысқаша хабардар еткім келеді. Бұл Орынбаева Гүлсын Рахымжанқызы басқаратын "Саясаткер әйелдер клубы "және биыл алғаш рет басталатын "Әйелдер саяси көшбасшылығы мектебі " атты жаңа жоба. Оның басшысы болып Тараз қаласының іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Айнұр Кәрімбекқызы Жексембинова тағайындалды.
Орынбаева Г.Н., Жамбыл облысы саясаткер әйелдер клубының төрайымы.
Бүгінгі күні әйелдердің өзін-өзі дамытуына барлық жағдай жасалған. Олардың қоғамдық және саяси өмірге қатысуы артып келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде партиялық тізімдерде әйелдер мен жастарға 30% квота беру туралы талап енгізілді. Бұл қадам біздің елімізді саяси және мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі жоғары мемлекеттерге жақындататын алғашқы қадам болды.
Жамбыл облысында әйелдердің 47% - ы мемлекеттік қызметшілер болып табылады, олардың 30% - ы басшылық лауазымдарда. Алайда барлық деңгейдегі мәслихаттарда әйелдердің үлесі тек 28% құрайды! Осы орайда айтып өтетін жайт, Жамбыл облысы Саясаткер әйелдер клубының мүшесі, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының бұрынғы төрайымы - Гүлдара Нұрымова Парламент Мәжілісінің депутаты сайланды. Биылғы жылы президенттік сайлауға алғаш рет 3 әйел кандидаты ұсынылғаны айқын. Бұл Қазақстан әйелдердің жоғары азаматтық белсенділігін көрсетеді.
Ал қазір облыс қыздарының "Әйелдер саяси көшбасшылық мектебінде" оқуда өз күштерін сынап көруіне тамаша мүмкіндік туып отыр.
Мектептің жұмысы әйелдерді қоғамдық-саяси, заңнамалық жұмыстарға, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен атқарушы билік органдарына ұсыну үшін кадрлық резервін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп, жетекші әйел саясаткерлермен менторинг бағдарламасына қатысуға мүмкіндік береді.
Жексембинова А.К., Жамбыл облысы әйелдерінің саяси көшбасшылық мектебінің директоры.
Біз "әйелдер саяси көшбасшылығы мектебіне" қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғанын қуана хабарлаймыз. Курс 30 сағатқа есептелген және осы жылдың қараша-желтоқсан айларында Тараз қаласында өтеді. Жобаның мақсаты Қазақстанның жетекші әйел-саясаткерлерінің тәжірибесіне сүйене отырып, әйелдерді басқару дағдылары мен бәсекеге қабілеттілікке оқыту арқылы әйелдердің саяси көшбасшылығын дамытуға елеулі үлес қосу болып табылады.
Мектепке қатысушылар мемлекеттік құрылымдарда және атқарушы органдарда жұмыс істегісі келетін, саясаткерлердің кадрлық резервіне кіргісі келетін әйелдер болуы мүмкін. Біз депутаттардың сайлауалды бағдарламасын құру, сенімді сөйлеуді меңгеру, өз ұстанымын сенімді түрде дәлелдей білу, қарсылықтармен жұмыс істеу тәсілдері, арандатушылық сұрақтарға жауап беру мәселелерін қарастырамыз, яғни саяси қызметте қажетті маңызды дағдыларды қалыптастыруға көмектесеміз.
Әйелдер саяси көшбасшылық мектебіне республика мен Тараз қаласының үздік спикерлері тартылды. Салтанат Қашағанова, Салтанат Есенбек сияқты тәлімгерлік бойынша халықаралық сертификаттарға ие үздік спикерлер және жеке бренд бойынша тәлімгер - Ольга Янцен келеді деп мақтанышпен айта аламыз. Сондай-ақ спикерлер ретінде қалалық мәслихат депутаты, облыс әкімінің әйелдерді және отбасын қорғау жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Амина Қайназарова, әйелдердің қоғамдық-саяси қызметінде үлкен тәжірибесі бар Жамбыл облысының әйел-саясаткерлер клубының басшысы Гүлсын Орынбаева, сондай-ақ әйел-көшбасшы, әр түрлі мемлекеттік құрылымдарда көп жылдар бойы жұмыс істеп келген Дамеш Үскімбаева да спикерлер қатарында бар.
Спикерлер сөйлеу өнері, әйел көшбасшылығы феномені, жеке іскерлік стиль мен имиджді құру тақырыптарында сөз сөйлеп, «Жеке бренд» мәселелерін де қарастырады.
Мектеп туралы барлық ақпарат womenpolitic.taraz Instagram аккаунтында көрсетіледі. Тренинг соңында Қазақстан әйелдер күштері альянсы жанындағы Әйелдердің саяси көшбасшылық мектебінен өткені туралы сертификат беріледі.
[xfvalue_img]
28 пікір