ҚАЖ департаментінде сыбайлас жемқорлықты болдырмау жайы айтылды
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Дәулетиярұлы мен Департаменттің тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Алуа Кәкімтайқызы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесу жиынын Департамент бастығы әділет подполковнигі Шаймерден Тәжіқұлұлы ашты.Департамент басшысы өз сөзінде ҚАЖ қызметкерлері арасында құқық бұзушылықты болдырмау, сотталғандармен заңсыз әрекеттерге бармау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын қолдану бойынша жұмыстардың атқарылып жатқандығын айтып өтті. Антына адал қызметкерлердің міндеттеріне жауапкершілікпен қарап, арнайы контигентпен жұмыс жасау барысында Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген талаптарды орындап, мінсіз қызмет атқарып жүргендіктерін тілге тиек етті.
Одан соң, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департамент басшысының міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Дәулетиярұлы сөз сөйледі.
- Қазіргі қоғамның біршама мүшелерінің ойы материалдық пайда табу, өзінің әл-аухатын жақсарту. Сондықтан, біріншіден адамның сана-сезімін, мінез-құлқын өзгерту керек, яғни сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажет. Қылмыс үшін жауапкершілік өте ауыр, талап жоғары. Бүгінгі күнге қойылып отырған талаптарға сәйкес, сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмысын жасаған қызметкердің басшылары да міндетті түрде қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. "Біздің көздегеніміз сіздерге заң шеңберінен аспай, қызметтеріңізді адал атқарып жүруге шақыру болып табылады,- деп жалпы статистикалық мәліметтерден деректер келтіріп,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жан-жақты түсіндіріп өтті.
Жиын соңында департаменттің режим және күзет тобының бас маманы әділет подполковнигі С.Шетенов баяндама оқыды. Ол өз баяндамасында ҚАЖ департаменті қызмет салаларының жұмысын жақсарту мақсатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінен келген нұсқаулар мен ұсыныстардың жеке құрам арасында зерделеніп, пысықталатындығын, сыбайласлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру бойынша әр түрлі іс-шаралардың өтеліп тұратындығын баяндады.
Кездесу соңында жеке құрамның назарына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша Департаменті тарапынан дайындап әкелінген бейнеролик ұсынылды.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
[xfvalue_img]