Бүйрек ауруын бел ауруымен шатастырып алмаңыз

Бүйрек ауруын бел ауруымен шатастырып алмаңыз

Бүйрек — ағзадағы негізгі фильтр. Ол ақуыздың алмасуын реттеп, гормонды синтездейді және қан қысымын қалыпты ұстап, кальций элементі мен Д дәруменінің ағзаға сіңуін қамтамасыз етеді. Көп жағдайда бүйрек ауруының белгілері бел ауруымен ұқсас келеді. Сондықтан да кейбір адамдар дәрігерден кеңес алмай тұрып, өз бетінше бел ауруына қарсы ем жасап, түрлі әрекеттерге жүгінеді. Бірақ мұның арты аурудың асқынуына әкеліп соқтырады. Сол үшін де қандай ауру мазаласа да, міндетті түрде  дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.

      Бүйрек ауруының белгілері қандай?  Зәрдің көбіктеніп, түсінің өзгеруі,  бойдағы әлсіздік, кіші дәретке отыру жиілігі, іштің ауыруы мен жүректің айнуы, қан қысымының көтерілуі -  бүйрек аурының сыр беріп жүргенінің белгісі болып табылады. Дерт асқынған жағдайда зәрде қан байқалып, дене қалтырап, бөртпелер пайда болып, адамда мазасыздық пайда болады.

       Бүйрек ауруы кезінде спорттың ауыр түрлерімен мүлдем айналысуға болмайды. Атап айтсақ, бокс, футбол, күрес, жекпе-жек өнері. Себебі, бүйрекке ауыртпалық түсіп, асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан да өз денсаулығыңызға жауапкершілікпен қараңыз.

         «Денсаулықтың қадірін, ауырғанда білерсің» демекші, аурудың алдын алып, бойыңызды сырқаттан сақтаңыз. Дәрігерге уақытында қаралып, тексеріліңіз. Себебі кейін көрінемін деп жүргеніңізде, уақыттың қалай өтіп кеткенін аңғармай да қаласыз. 

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.