ҚРКФ төрағасы: «Кәсіподақтар үшін Жаңа Қазақстанды құру – қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуды білдіреді»

ҚРКФ төрағасы: «Кәсіподақтар үшін Жаңа Қазақстанды құру – қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсартуды білдіреді»

ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин бастаған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының делегациясы Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Делегация сапарының бірінші нысаны «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» энергетикалық компаниясы болды.

Станцияның екінші энергоблогының басқару бөлімінің жұмысымен танысқан ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин жұмыс орнында энергетиктермен әңгімелесті.

Қырық жастағы Дмитрий Мельников 1-МАЭС-ке жұмысқа 19 жасында келгенін, кәсіпорында 20 жыл жұмыс істеген уақытында бірнеше цехта жұмыс істеп, тәжірибе жинақтағанын, бүгінде ол энергоблоктың аға машинисі болып табылатынын айтты.

«Мен өз жұмысымды жақсы көремін, өз қызметімді отынмен қамтамасыз ету цехынан бастадым, содан кейін арматура, жөндеу шеберханасы, қазір энергоблокта еңбек етемін. Бізде жұмыс жақсы үйлестірілген, жақсы әлеуметтік пакет бар, мен жалақыма көңілім толады», - деп бөлісті Дмитрий Мельников.

Жиынды Екібастұз 1-МАЭС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева жалғастырды. Оның айтуынша, электр станциясындағы 1400 жұмыскердің 1299-ы кәсіподақ мүшесі. Кәсіпорында өндірістік кеңес жұмыс істейді, әр цехта кәсіподақ ұйымының техникалық инспекторлары бар.

«Өндірістік кеңестің құрамына кәсіподақтың жеті техникалық инспекторы және жұмыс берушіден жетеу кіреді. Биылғы жылы өндірістік кеңесте мен, кәсіподақ комитетінің төрағасы, төрағалық етемін. Біздің техникалық инспекторлардың міндеті – ықтимал бұзушылықтардың алдын алу және жазатайым оқиғаларды болдырмау. Ол үшін адамдармен, әрқайсысымен жеке сөйлесу керек. Ал бұл көп адам ресурстарын қажет етеді.

Ұжымдық шарт бойынша техникалық инспектордың жұмысы ай сайын бес АЕК көлемінде уәждемеленеді», - деді кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Энергетиктермен тілдескен ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ үшін еңбек қауіпсіздігі мәселесі ең өзекті мәселе екеніне тоқталды.

«Өкінішке қарай, біз жыл сайын өндірісте 200-ге жуық адамды жоғалтамыз. Кәсіподақтар үшін маңыздысы, егер адам таңертең жұмысқа кетсе, кешке аман-есен отбасына оралуы керек. Ал кәсіподақтардың артықшылығы – біз өзіміз жұмыс орнындамыз, белгілі бір кәсіпорында қалыптасқан жағдайды өзіміз түзете аламыз. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындарда 11 мыңнан астам өндірістік кеңестер жұмыс істейді, олардың 98 пайызы кәсіподақтардың бастамасымен құрылған. Өкінішке қарай, барлық жұмыс берушілер өндірістік кеңестердің маңыздылығын түсініп, олардың құрылуын қолдамайды. Алайда, Еңбек кодексіне сәйкес, өндірістік кеңестер құрылуы керек және олардың шешімдері жұмыс беруші үшін де, жұмыскер үшін де міндетті. Еліміз бойынша кәсіподақтың 17 мың техникалық инспекторы жұмыс істейді, енді оларды ынталандыру және қолдау мәселесін заңнамаға өзгертулер енгізу арқылы шешуді көздеп отырмыз. Қазір бұл ұжымдық шарттар арқылы шешіліп жатқаны анық, бірақ біз бұл норманы заң жүзінде бекітуді көздеп отырмыз», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету тақырыбын жалғастыра отырып, Екібастұз 1-МАЭС жұмыскерлері Қазақстан Республикасында электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын қолдану мен сынауды реттейтін заманауи ережелердің жоқтығына шағымданды.

Атап айтқанда, Қазақстанның энергетика саласында 2022 жылы қолданылатын Ереже сонау 1992 жылы қабылданған болатын. Энергетиктердің айтуынша, бұл электр энергетикасы саласындағы нормативтік-техникалық құжаттама саласындағы айтарлықтай олқылық. Әрине, электр қондырғыларында қолданылатын қорғаныс құралдарын пайдалану және сынау бойынша бірыңғай, жаңартылған Ережелер мен талаптардың жоқтығы электр энергетикасы сияқты экономиканың қауіпті саласында қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды ұйымдастыруға теріс әсер етеді.

ҚРКФ төрағасы бұл мәселе жақын арада еліміздің тиісті министрлігі мен Үкіметіне жолданатынын, сондай-ақ әлеуметтік әріптестік жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның қарауына ұсынылатынын атап өтті.

«Бұл тез арада шешуді қажет ететін өте өзекті мәселе. Жақын арада Энергетика министрлігіне тиісті хат жолдап, республикалық үшжақты комиссия аясында бұл мәселені көтеретін боламыз. Кәсіподақтар федерациясы бұл мәселені бақылауға алады», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

ҚРКФ төрағасы Екібастұз 1-МАЭС-те қауіпсіздік техникасының ережелерінің анықталған бұзушылықтарын уақтылы жоюды бақылау процестерін оңтайландыру мақсатында Кәсіподақтар федерациясы ілгерілететін ASPANS заманауи цифрлық платформасының енгізілуін құптады. Оның айтуынша, платформаны енгізудің арқасында еңбеккерлер смартфондарды пайдалана отырып, фото және бейнематериалдарды қолдану арқылы анықталған қауіпсіз еңбек жағдайларын бұзу фактілерін жазып, мобильді немесе веб-қосымшаға орналастыру ғана емес, сондай-ақ оларды жою процесін қадағалау мүмкіндігіне ие болды. Әрбір тіркелген қатысушы платформаның әртүрлі модульдеріне қол жеткізе алады. Қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерімен танысумен қатар, кез келген қызметкер кестелермен, оқу мерзімімен, білімін тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндігі бар.

МАЭС-1 жұмыскерлері ҚРКФ төрағасымен әңгіме барысында энергетика саласындағы еңбекақыны көтеру мәселесін де көтерді.

«Үкімет 2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру бағдарламасын қабылдады. Онда бір тармақта 2025 жылға дейін энергетика саласында жалақыны 14-тен 32 пайызға дейін көтеру көзделгені айтылған. Бұл кәсіподақтар қолдайтын маңызды қадамдар. Кәсіподақтар федерациясы да Үкіметке жалақы жүйесін сапалық жағынан жақсарту бойынша ұсыныстар пакетін қалыптастырды. Ең алдымен Кәсіподақтар федерациясы еңбекақы жүйесін анықтау тетіктерін қайта қарау туралы ұсыныс жасады. Еңбекке ақы төлеу бөлігінде жұмыс беруші қабылдайтын шешімдерге жұмыскерлердің ықпал ету тетіктерін қалыптастыру мақсатында біз Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 107-бабына еңбекке ақы төлеу жүйесін айқындайтын жұмыс берушінің актілерін қызметкерлер өкілдерінің пікірін ескеру арқылы шығаруды көздейтін толықтырулар енгізуді ұсындық. Сонымен қатар, біз Қазақстан Республикасының заңнамасында жалақыны индекстеу түсінігінің, жұмыс берушілердің жалақыны индекстеуді жүргізу міндеті туралы нақты заңнамалық норманы, сондай-ақ, ең төменгі жалақыны қалыптастыру әдістемесін қайта қарауды анықтауды және белгілеуді ұсынамыз», - деді Сатыбалды Дәулеталин энергетиктерге.

Оның айтуынша, кәсіпорындағы жұмыс беруші мен кәсіподақ өкілдері болып табылатын әлеуметтік әріптестер ұжымдық шартты қабылдау кезінде бірінші кезекте жалақыны көтеру, индекстеу, басқа да әлеуметтік төлемдерді енгізу мәселесін қарастырады.

«Ұжымдық шарттар еңбеккерлердің мүдделерін қорғауда басты рөл атқарады. Бұл кәсіпорындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын әр кезеңде жақсартуға мүмкіндік беретін маңызды нормативтік құжат. Барлық еңбек қатынастары әлеуметтік әріптестік аясында ұжымдық шарттар арқылы реттелуі тиіс. Бұл жұмыс беруші тарапынан дұрыс көзқарас және қызметкер тарапынан табандылықты қажет етеді. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 154 611 ұжымдық шарт болса, оның тек 30 мыңға жуығына кәсіподақтар қол қойған. Кәсіподақ үшін ең бастысы, әрбір жаңа қабылданған ұжымдық шарт, ең алдымен, бұрынғы ұжымдық шартта көзделген қызметкердің жағдайын нашарлатпауы керек», - деп атап өтті ҚРКФ төрағасы.

Екібастұз 1-МАЭС жұмыскерлерімен жүздесу үш сағатқа созылды, Сатыбалды Дәулеталин энергетиктердің барлық сұрақтарына жауап берді және кәсіподақтың әрбір қарапайым мүшесінің мәселесі естілетінін және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясынан жан-жақты қорғауға және қолдауға ие болатынын есте сақтауы керектігін еске салды.

«Сіздердің әрқайсысыңыздың артында Кәсіподақтар федерациясының екі миллиондық армиясы тұр. Мұндай кездесулер бізге сіздердің ұсыныстарыңызды тыңдауға, әлеуметтік әріптестермен бірлесіп шешіп жатқан мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді. Мемлекет Жаңа Қазақстан құрылысына бет бұрды. Жаңа Қазақстанды құру кәсіподақтар үшін қарапайым халықтың әл-ауқатын жақсарту деген сөз», - деп түйіндеді сөзін ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

         

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.