Легионер қазақ абройын ешқашан көтрмейді

Легионер қазақ абройын ешқашан көтрмейді

      Абырой ердің қуаты!      Мақал

            Тақырыбымыздың беташары ретінде бір өмірлік мысал қалың жұртшылққа терең ой салар деген үміттемін. Сонымен, 1973 жылы күз айлардың бірінде Мәскеу қаласының Аспирантар мен стажерлар үйінің (Дом аспирантов и стажеров - қысқаша ДАС-деп аталатын) бір бөлмесінде, ғылымға бет алған бір өзбек, тәжік, құлағымыз естімеген дағыстанның лак халқының өкілімен бірге біз, екі алматылық, бір айдай, сыйласып тұрдық. Басымыз біріккенде, әр саланың басын қайтарып, әңгіме-дүкен құратын едік. Бірде өзбек азаматы бізге: -Сіздердің Қонаев қазақ емес - дегені мені бірден сескендірді. -Неге?-деп сауал қойдым. Ол: -Қонаев қазаққа тіпті ұқсамайды ғой - деп жауап берді. Намысқа тиетін ұлт мәселесі орын алып тұрса да, сабыр сақтап, сөзталастыруды жөн көрмедім. Өйткені, идеологиясы қатуыл Кеңес Одағы заманында ұлтаралық социалистік интернационализм сасятының басты қағидаты бойынша – жуықта ұлттар тегіс араласып, сіңісіп, мүлдем жойылады, сондықтан бүкіл жержүзінде ұлтшылдықтан мүлдем ада тек жаңа кейіптегі социалистік адами тұлға қалыптасады деген ілімі жадымызға терең сіңген болатын. Кім, қай ұлттан болса да, әйтеуір социалистік интернационализм қызыл туын берік те, биік те ұстағаны аса маңызды болды. Бірақ, ол заман келмеске кеткендей...

            1991 жылы Қазақстан ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздігін жариялап, Егемен мемлекет ретінде үмітімізді асқақтатып болашақ тізгінін өз қолына алды. Көзіміз ашылып, намысымыз оянғандай болды... Қазақстан әлемдік деңгейдегі бәсекелестік жүйенің қатарына қосылғандықтан, оның жеке дара саяси - экономикалық даму саясаты мен басқа да салалардағы жетістіктері мен кемістіктері халықаралық қалың қауымның назарына еріксіз түсті. Халықаралық бәсекелестік спорт саласында да орын алып келеді. Қандай да болмасын мемлекеттің жалпы даму процесі жолында спорт жетістіктерінің де рөлі ерекше. Спортшыларымыздың жеңістерімен бірге мемлекеттің беделі мен халықымыздың абройы көтерілетіні анық. Жеңістердің жанымызды қуанышқа кеңелтіп, шалқытып тастағанымен қоса, ауқымды экономикалық әртарапты табыстардың да көзі болатыны да шындық.

Осы орайда бірден есімізге түсетін, құрмет тұтатын, мақтаныш ететін, қасиетті қазақ топарғының мына түлектері: біріншіден, классикалық күрестен әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Қажымұқан атамыз; күрестен Олимпиада чемпиондары Жақсылық Үшкемпіров пен Шәміл Серіков; желаяқ спринтерлер Ғұсман Қосанов пен Әмин Тұяқов; көгалдағы хоккейден бірнеше дүркін әлем чемпионы, ССРО құрама командасының капитаны  Саян Шаймерденов; волейбол бапкерлері атақты Октябрь Жарылғапов, ізбасары Заңғар Жаркешов дайындаған шебер волейболшылар  Жанібек Сауранбаев (капитан),Еңсебек Иман­­ғалиев, Аман­келді Сұлтанов және тағы басқалар осы спорт түрінен үздік өнер көресеткен (Алматының «Буревестник» волейбол командасы 1969 жылы КСРО чемпионы атанып, 1970 және 1971 жылдары қатарынан екі мәрте Еуропа чемпиондарының кубогын жеңіп алған); Олимпиада ойындарында баскетболдан чемпион болған Әлжан Жармұхаммедов; атақты боксшы Серік Қонақбаев Олимпиада мен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионы (1979, 1981); бокстан Олимпиада чемпиондары Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сапиев, Данияр Елеусінов; Кеңес дәуірінде КСРО-ның 7 дүркін чемпионы, Еуропа, әлем чемпионы, Олимпиада күміс (1988)  медаль иегері, 12-Азия ойындарының жеңімпазы (1994),  Азияның екі дүркін чемпионы (1995, 1996) атақты балуан Дәулет Тұрлыханов және басқа да спорт саңылақтыры. Бұдан, қазақтың спортттың қай түрінен болсын үздік орынды жеңіп алатын қаблетінің молдығы айқын көрінеді.

Осыларға қарамай, Қазақстан спорот функционерлері намыстарын сырып тастап, бөгде елдерден спорт легионерлерін(ақшаға жалданатын шет мемлекеттер азаматтары) аса қымбат бағаға сатып алып, Қазақстанның атынан санқилы спорт жарыстарына қосады.  Олар Олимпиада мен әлем чемпионаттарының  мына жүлдегерлері: қырғызстандық балуан Юрий Мельниченко; грузиялық балуан Георгий Цурцумия;  осетиндік балуан Геннадий Лалиев (кейін еліне қайтып кеткен);  армениялық балуан Мхитар Манукян; зілтемірші ресейлік Алла Важенина (Бейжің Олимпиадасының күміс медалі мен ақшалай сыйлығын алған соң дереу туған жеріне қайтып кеткен); ресейлік Таймураз Тигиев (Қазақстан үшін күрескенімен, үнемі Ресейде жаттығып, сонда өмір кешкен); ресейлік әйелдер күресі шебері Елена Шалыгина; дағыстандық еркін күрес шебері Марид Муталимов; Қытайда туған зілтемірші Зүлфия Чиншанло(допинг шуына душар болып, Рио де Жанейро Олимпиадасына қатыстырылмаған); Қытайда туған зілтемірші Майя Манеза (допинг қолданғаны үшін сайыстардан шеттелген); ресейлік зілтемірші Светлана Подобедова; әзірбайжандық зілтемірші Ниджат Рахымов; моңғолдық дзюдошы Галбадрах Отцгонцэцэг; (Айта берсек бұл тізімнің шегі жоқ, ұзын сонар). Енді кешегі Уимблдон жүлдегері Ресей тумасы тенисші Елена Рыбакина жайлы. Аса беделді тенис жүлдесін Қазақстан үшін жеңіп алған Е.Рыбакинаға Ресей қатары нөпір қауымы қызғаныш білдіріп, оның Ресейдің тумасы, Мәскеуден екенін алдыға тартты. Ал Ресей тенис федерациясының басшысы Ш. Тарпищев Е.Рыбакина «Ресей мектебінің түлегі» және тіпті «біздің өнім» деп жар салған. Шындық, оны жоққа шығара алмаймыз. Енді алыстағы Африка құрлығының қақ ортасындағы Кения мемлекетінің тумасы жеңілатлетші Нора Джутто туралы. Ол 3000 метрлік кедергілері бар қашықтықтан жүгіруден Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді. Енді бүкіл Африка Нора Джутто қазаққа ұсамайды, ол біздікі, алтын медаль да біздікі деп шулап жатқан болар. Әлем жұртшылығы да осындай ойда. Не жауап береміз? Жауап жоқ! Өкінішке орай, қазақтың өзі тәрбиелеп, дайындаған  Норасы жоқ қой.

Футбол ойыны әлемде № 1 спорт болып саналады. Оған миллиардтаған жанкүйерлер ішкен асын жерге қоя сала, бар зейін-ынтызарын аудырады. Футболдың басты сыры осында: көріп отырып асқақтата қуанады, не жүегі ауырып күйінеді. Қазақстанда футбол аса дамыған спорт болып саналмайды. Әлемдік рейтінгінің соңындағы тізімде батпандай батып, алға қадам басар емес. Өзіміздің жастүлектерімізді дайындау барысы төмен болғандықтан, Қазақстан футболының қатарында легионерлер легі өте көп. Қазақстанның барлық дерлік футбол клубтарында легионерлер нық орын тепкен. Болмады дегеннің өзінде олар Ресей, Украинадан ағылады. Қазақстандық патриотизм мен қазақи намыстан ада футбол клубтарының иелері ақшаға көздері қызарып, уақытша мерзімді шартқа отыратын келімсектер жалдаушылардың басты мақсатын ақтап, айырықша жетістіктерге жеткізеді деген ұғым қалыптасқан. Бірақ 30-жыл бойы үміт ақталмаған. Бұрындары Сербия, Македония футболшылары келген болса, енді Испания, Словакия, Финляндия, Швеция ойыншылары қатысуы ықтимал. Алдағы уақытта Қазақстанға Ботсвана, Катар, Мали, Сенегал футболшылары келуі мүмкін. Қазақстан футбол премьер-лигасының чемпионатында ойнайтын 293 футболшының 74-ті легионер.

 Бірақ, қандайда болмасын легионер қазақ пен Қазақстан абройын ешқашан көтермейді. Қашанда дұшпандар қазақты мазақ етіп, «легионерсіз жетістікке жете алмайсыңдар, өз қолдарыңнан ештеңе келмейді, дәрменсізсіңдер» дегендерді бетке басып отыратындары сөзсіз. Оның мысалы жеткілікті. Көп алып-қашты сөздердің арасында, бізге аса ауыр тиетіні, кейбір футбол мамандарының пікірі. Дәлел ретінде «Қайрат» командасының бұрынғы бас бапкері серб Златко Крмпотич тіпті тікелей қазақа тіл тигізіп, қорлауға да барған. Оның пайымдауынша қазақтар табиғи генетикалық жаратылысы ақауының салдарынан футбол ойнауға мүлдем дәрменсіз деп айды аспаннан бірақ шығарған. Бүкіл қазақты нәсілшілдік кемсітуге барғандығы үшін оны сотқа беру керек еді, бірақ ол еліне оңай сытылып шығып кетті. Осыған жақын жалған пікірді Ресейдің ЦСКА командасының жаттықтрушысы В.Гончаренко былай депті: «Баха (Қазақстан құрама командасының ойыншысы Бахтиер Зейнутдинов - Н.С.) келген сәттен – біздікі екені анық болды. Түсінікті болу үшін: ол қазақ емес - өзбек»(Sprts.kz,27.11.2020). Сонымен, олардың ойынша қорытып айтқанда, қазақ қабілетсіз, жағымсыз, түрпідей болып тұр ғой.  Ал енді Кеңес заманының 70 жыл бойы, одан қалды әр қазақтың қабылетін ашып, биікке самғытатын Тәуелсіздік алған 30 жыл бойы босқа кеткені ме?! Футболдағы ауыз толтырып айтатын жетістік бар ма? Легинерлер футбол денгейін аспандатып көтерді ме? Жоқ. Ал 20 жыл бойы мен намысым кернеп, шырылдап ҚР Президентіне, ҚР Мәдениет және спорт министріне, Футбол федерациясына, Олимпиада комитетіне, қалталары кең миллионер-меценаттарға жасөспірім қазақ жеткіншектерінің футбол шеберлігін шыңдататын тәсілдерім бар, соған көңіл бөлулерін сұрап, қабылдауларын өтінген болатынмын. Ешкім мән бермеді. Ал қазіргі футболымыздың сиқы өздеріңізге мәлім.  Өз басым үшін, бір біткен шаруа, Қазақстанның ең басты газеті «Егемен Қазақстан» газетінің бетіне 2021 жылғы 13 тамыз күнгі номеріне «Қазақ футболының болашағы қандай?» деп аталған мақалам қысқартылған нұсқада жарық көрді. Оған да бір пенде тіс жарған жоқ. Өкінішті де келекелі жағдай. Сонемен, әртұстан: Оян қазақ, оян!- деп жаппай ұрандатқаннан қазққа түсер пайда жоқ. Тек жалаң ұра ғана.

Легионерлерді Қазақстанға кең тартып, әлпештеп-қолпаштап, қыруар ақшаға жалдап, дандайсытқан  сайын, қалың қазақ санасыда кемшіндік сезімі басымдық алады да патриоттық сезімі, өзіне деген сенімділігі тежеліп, төмендейді, тіпті жойылып та кетеді. Қазақ өзін-өзі дарынсыз, дәрменсіз деген кемшіндік түсінікпен бұғауланады. Оның соңы неге әкеледі? Бұлардың салдарынан, кемшіндік сезім бойын билеген қазақ қазақ болғысы келмейді, қазақтығынан жирейді, тіліне, діліне, ата дәстүріне тітіркене немқұрайды қарайды. Одан Атажұрт Елді, мирас болып бабалардан қалған, еншілеген қасиетті кеңбайтақ жерді қорғау түсінігінен, намыстан, ана тілден, пана ділден жұрдай болып, тастай қатқан мәңгүрт, ел-жұртынан безген маргиналға айналады. Сорақысы кең әлемде, жер бетінде қазақ елі жоқ, жері жоқ, қазақ жоқ болып шыға келеді. Ал, қалың жұрт елемей жүрген «қазақстандық патриотизм» Ата Заңымыз-Конституциямыздың 1-ші бабында Республика қызметінің түбегейлі принциптері қатарында аса маңызды қағидат ретінде қарастырылған. Осы қағидаттың маңыздылығын халықтың басым көпшілігі неге жіті түсінбейді, түсінгісі келмейді? Себебі, қазақтың өз басының абройы мен беделін көтеру керек. Ол үшін, басқа ауқымы кең шаралар мен қоса, барлық спорт түрлерінде легионерлердің орнында қазақ өзі елеулі көрсеткіштер көрсетуі абзал. Шетел легионерлерлерінің орнына білікті де білімді бапкерлерді шақыру пайдалы. Мемлекеттік спорт функционерлері қоғамдық спорт белсенділеріне көңіл бөлу керек. Олардың арасынан сұрыпталып алынған белсенділер қатарынан министрлік пен барлық респубикалық деңгейдегі құрылымдардың жанынан Қоғамдық кеңес құру үлкен іс болар еді. Дұшпандар не десе де, қазақ дарынды халық, жан-жақты қамтылған озық тәсілдермен дайындалған олар спорттың ең биік жүлделерін жеңіп алатыны сөзсіз. Спорт жетістіктеріне сай қазақ пен Қазақстанның әлемдік атағы өсіп, абройы артары анық. 

Сонымен, Қазақстан спорты елеулі әлемдік жетістіктерге жетуі үшін, бір маңызды ұсыныс қоюды үлкен парыз ретінде қарастырып отырмын. Қорытып айтқанда, Қазақстанның мәдениет саласы мен спорт саласы өте күрделі қоғами құбылыстар екені айқын. Осы екі мейілінше іргелі де бағыттары алшақты, жұмыстары аса ауыр салаларды бір министрлікте басқару оңай емес. Сондықтан, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру мақсатында және спортты жедел де табысты дамытудың асабір ауқымды негізі ретінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігін жеке-жеке екі арнаулы салаға бөліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасы Спорт министрлігін құрған өте дұрыс та тиімді шешім болатындығы анық. Содан, Еліміздің жастүлектерінің спорт саласында аса биік те мәртебелі  әлемдік жетістіктерге  жететіндігіне кәміл сенеміз! Осыған орай Ұлы Абай былай деген: «Егер ісім өнсін десең-ретін тап». Ретін табу енді намысты ердің ісі деген ойдамыз. 

Нақыпбек Садуақастегі, заңгер-құқықтанушы, публицист

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.