Астана туралы қызықты деректер

Астана туралы қызықты деректер

 

  1. 1. «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Кешеннің үстіңгі жағында орналасқан алып шар диаметрі - 22 метр, салмағы - 300 тонна. Алып шар «хамелеон» әйнектерінен жасалған. Күн сәулесінің түсуіне байланысты шар түсі ауысып тұрады. Жоба сәулетшісі - Норман Фостер. 2002 жылы ашылған кешен Астана қаласының ғана емес, күллі Қазақстанның нышанына айналды. Мұнара негізгі үш әлемнен құрылған: жер асты, жер және аспан әлемі. Төрт жарым метр тереңдікте орналасқан астыңғы қабатта кафе, аквариум және «Бәйтерек» мини-галереясы орналасқан. 
  1. «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешені. Ашық аспан астындағы «Атамекен – Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде қазақ жерінің сұлу табиғаты бейнеленген. Картада 14 облыс және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары орналасқан. Қазақ жерінің табиғи-климаттық аймақтары, ландшафт, сәулетті көркем ғимараттары мен көлік жолдарын көруге болады. 
  1. «Қазақ елі» мемориалды кешені. Мәрмәр монумент - кең-байтақ Қазақ жері мен оның халқының бірлігін, болашақта көркейіп, дамуының белгісі. Биіктігі 91 метрге жететін монумент Қазақ елінің 1991 жылы егемендік алғанын бейнелейді. Монумент шыңында алып құс Самұрық, төрт жағында «Алғашқы Президент пен Қазақ халқы», «Қаһарман», «Болашақ» және «Жасампаздық» қола барельефтері қашалған.
  1. «Хан-шатыр» сауда және ойын-сауық орталығы. Танымал британ сәулетшісі Норман Фостердің жобасымен салынған. Қала орталығында бой көтерген бұл орталық салмағы 2300 тонна болатын металл қондырғылардан тұрғызылған. Шатыр биіктігі 150 метрге дейін жетеді, сыртқы жағы тұтас әйнектермен қапталған. Арнайы қондырғылар ішкі температураны бір қалыпты сақтайды. Алты қабатты орталықта сауда нүктелерімен қатар, ойын-сауық орындары жұмыс істейді.
  1. Думан ойын-сауық орталығы.  2003 жылы мамыр айында жұмысын бастаған бұл кешенде мұхитаралы, 5D-кинотеатр, үлкен күмбезді кеңістік, сауда нүктелері мен тамақтану орындары бар. Бұл ТМД-дағы алғашқы мұхитаралы бар үлкен кешен. Су қоры 3 миллион литрге жететін мұхитаралда теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрі мекен етеді. Әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағы мен қалыңдығы жеті сантиметрге жететін 70 метрлік дәліз бар.  
  1. «Отан Ана» кешені. Жоңғар шапқыншылығы мен Ұлы Отан Соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жандардың құрметіне салынған. Ұзындығы 24 метрді құрайтын мемориал ортасында граниттен тұрғызылған таста алтын шара ұстаған әйел бейнеленген. Қолындағы шара тыныштық пен гүлденудің белгісі. Барельефтің оң жағында кеңес әскерлері, ал сол жағында жоңғар шапқыншылығында қаһармандық танытқан қазақ батырлары бейнеленген. Төменгі жақта мәңгілік алау орналасқан.
  1. Декоративтік мүсіндер. Нұр-Сұлтан қаласының басшылығы суретшілер, дизайнерлер және сәулетшілердің арасында үлкен байқау ұйымдастырды. Шарт бойынша байқауға қала көркін ашатын жобаларды ұсыну керек еді. Байқау аяқталған соң, үздік деп танылған жобалар Астана көшелерінде орын алды. Қоладан тұрғызылған мүсіндер әр қилы болғанымен, оларды барлығы қаланың сәнін кіргізіп, көпшілік қауымның сүйікті демалыс орындарының біріне айналды.
  2. Қаладағы ең қысқа көшенің ұзындығы 358,7 метр ғана. Ол Біржан салдың атымен аталады (ескі атауы – Вокзальная).
  3. Астанамызда орналасқан «Астана Арена» стадионы қозғалмалы шатыры бар әлемдегі санаулы ареналардың қатарына жатады. Жылжымалы шатыр бар-жоғы 30 минутта ашылып, жабылады. Сыйымдылығы – 30 мың адам. Онда спорт ойындары мен түрлі концерттер өткізуге болады.
  4. «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып аналады.
  5. Назарбаев зияткерлік мектебінде 1000 бала «Балбырауын» күйін орындап, Гиннес рекордтар кітабына енуге өтініш берді.
  6. "Нұр Әлем" - Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны. Бұл диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метр болатын әлемдегі ең үлкен сфералық ғимарат. Әлем бойынша алғашқы "толық сфера" түріндегі ғимаратта құрылым бірегейлігі жатыр. Құрылымның қасбетінде күн энергиясын электр қуатына түрлендіретін фотовольтаикалық элементтердің бірігуі ойластырылған. Сонымен қатар, сфераның жоғарғы жағында 2 жел генераторы бар.
  7. Астанада әлемдік деңгейдегі бес жұлдызды алғашқы халықаралық премиум-класты қонақ үй ашылды. Оның ашылу салтанатына Мемлекет басшысы қатысты. «Ритц-Карлтон» Talan Towers көпфункционалды кешенінің ғимаратында орналасқан. Қонақ үй құрылысына Қазақстанның компаниялары қатысты. Жаңа ғимаратта ең жоғары дейгейдегі іс-шараларды өткізіп, жоғары мәртебелі меймандарды қабылдауға қажетті барлық инфрақұрылым бар.
  8. «Қазақстан» орталық концерт залы – акустикалық сипаттамасы жағынан керемет ғимарат. Идеяның авторы – итальяндық сәулетші Манфреди Николетти. Ол – әлемдегі ең алдыңғы қатарлы жобалаушылардың бірі. Оның жобаларының ішінде Малайзиядағы Петалинг-Джаяның павильондары, Ареццодағы жаңа сот ғимараты және басқалары бар. Бұл залда өткізілетін шараға байланысты көрермендер залы мен акустиканы өзгертуге мүмкіндік бар.
  9. Бас қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайы, «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығы, Тұңғыш Президент кітапхана ғимаратының авторы – әйгілі сәулетші Норман Фостер. Ол бұған дейін Лондондағы «Millennium Bridge» көпірін, Пекиндегі ғаламат әуежайды салған.
  10. «Астана қаласының Құрметті Азаматы» атағын алған 22 адамның ішінде бұрынғы екі Президент бар. Олар – Грек Республикасының Президенті Константинос Стефанопулос және Корей Республикасының Президенті Ли Мен Бак.
  11. Елордадағы ең ескі ғимаратқа 174 жыл болған. Ол – Сәкен Сейфуллиннің музейі. Оның негізі сонау 1846 жылы қаланған екен. Онда Алаш қайраткері тұрған деп ойласаңыз қателесіз. Алғашында ғимарат келген тауарларға есеп жүргізу мақсатында бір қабатты етіп салынған. Ал ХХ ғасырда ол «Зорька» балабақшасына айналып шыға келді. Тек 1988 жылдың 20 ақпанында Сәкен Сейфуллиннің есімі ақталғаннан кейін, өзі жұмыс жасаған ғимаратты музейге айналдыру ісі қолға алынған еді. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жүз жылдық тарихы бар ғимараттардың саны – 9.
  12. Нұp-Сұлтан қаласының елтаңбасы мен тyы астана болғанына 11 жыл толғанда ғана бекiтiлген. Ол 2008 жылдың 5 маyсымы болатын. Нұp-Сұлтан қаласының Елтаңбасы көгiлдip түс аясында алтын түстi «Бәйтеpек» пен «Шаңыpақ» бейнеленген екi нышан оpналасқан дөңгелектi бiлдipедi. «Бәйтеpек» негiзiнде «Құсқанаты» оюы оpналасқан, оның төменгi жағында «Н» әpпi оpналаскан, «Құсқанаты» оюы және «Н» әpпi алтын түстi «Шаңыpақ» пен «Құсқанаты» оюының сыpтқы жағында жасылмен көмкеpiледі. Сыpтқы сақина орналасқан жердің сол және оң жағында алтын түстi «Бөpiкөз» оюы оpналаскан. Елтаңбаның төменгi жағында қызыл түстi «Nur-Sultan»  деген жазyы баp. «Nur-Sultan»  жазyының сол және оң жағында алтын түстi үш симметpиялы сызықтаp оpналасқан. Нұp-Сұлтан қаласының Тyы енi мен ұзындығы 1:2 қатынастағы оpтасында Нұp-Сұлтан қаласының  Елтаңбасы оpналасқан тiк бұpышты жалпақты бiлдipедi, одан жан жаққа алтын түстегi күн сәyлелеpi шашылып тұpады.
  13. Нұр-Сұлтан қаласының миллионыншы тұрғыны 2016 жылдың 4 шілдесінде дүниеге келді. Ол жас отбасы Олжас пен Арайлымның шаңырағында туған Саида Мұхамедияр есімді қыз бала.
  14. Нұр-Сұлтан қаласының айналасында 75 мың гектарға созылып жатқан жасанды жасыл белбеу бар. Онда 9 миллионнан аса ағаш өседі.

«Бұл ағаштар 1997-1998 жылдаpы отыpғызылған еді. Өздігінен өседі, оған біздің аpаласyымыздың қажеті жоқ. Осы уақытқа дейін 73 мың гектаp оpман пайда болды. Жыл сайын өзім 5 мыңнан аса ағаш отыpғызyын талап етіп, бақылап отыpамын. Бұл Бypабай ұлттық саябағының көлеміндей. Астананың айналасынан екінші Бypабай жасап алдық. Ендігі міндет: бұл оpманды Бypабай оpманымен жалғаy. Шоpтандыға да жетіп қалдық, яғни жүз шақырымға созылып жатыр. Әpмен қаpай діттеген жерге де аз қалды» – деген еді Елбасы Нұpсұлтан Назаpбаев біp сөзінде.

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

13 пікір

  1. аватар
    Kathy 25 сентября 2024 03:42

    28 орта мектеп іле ауданы, 28 гимназия
    машины магнит, магнит цена ғажайып математика
    балабақшада, математика негіздері
    балабақшада ересек топ жүректесің текст мұқағали, мұқағали мақатаеводные ресурсы казахстана в промышленности өлеңдері махаббат туралы скачать

  2. аватар
    Andra 4 октября 2024 01:00

    1000 сом в тенге, курс сома к тенге в
    таразе ақ орда экономикалық жағдайы, ақ орда
    хандары ретімен жазу торт панчо состав, торт
    пицца заказать йен де кестекер инстаграм

    Look at my blog post: туған жерім эссе

  3. аватар
    Soila 25 октября 2024 07:54

    среднее профессиональное образование, основное среднее образование кітап білім бұлағы авторы, кітап білім бұлағы мен өзімді болашақта қалай елестетемін эссе
    сезим ушин аккорды, сезім үшін
    текст скачать егер етеккір келмесе, етеккір 1 ай келмесе не болады

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.