ҚРКФ төрағасы: «Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында ұжымдық шарттардың көрнекті үлгілері бар»

ҚРКФ төрағасы: «Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында ұжымдық шарттардың көрнекті үлгілері бар»

Төраға Сатыбалды Дәулеталин бастаған ҚР Кәсіподақтар федерациясы делегациясының Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында өңірдің екі ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында -  «Маңғыстаумұнайгаз» және «Қаражанбасмұнай» акционерлік қоғамдарында әлеуметтік әріптестермен кездесулер өтті.

          «Қаражанбасмұнай» АҚ – Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорны, оның акциялары «Қазмұнайгаз» Ұлттық компаниясы мен Қытайдың China International Trust and Investment Corporation (CITIC) компаниясына тең дәрежеде тиесілі. Инвесторлар арасындағы келісімшарт 2 035 жылға дейін есептелген. Кәсіпорын өндіретін мұнай көлемі 90 млн тонна, қалдық қоры 305 млн тоннаны құрайды. Кәсіпорында 4 608 адам жұмыс істейді, оның 2 896-сы екі жергілікті кәсіподақ ұйымының мүшелері. Қазақстанның ірі кәсіпорындарында бірнеше кәсіподақ ұйымының болуы сирек жағдай емес.

ҚРКФ делегациясымен кездесуде «Қаражанбасмұнай» АҚ бас директоры Ли Тецян кәсіпорынның қызметі туралы хабардар етіп, әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелерге, атап айтқанда, кәсіподақ ұйымдарымен өзара қарым-қатынасқа кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, кәсіпорын басшылығы әлеуметтік әріптестікті дамытуға ерекше көңіл бөледі.

«Бір жыл бұрын біз ұжымдық шарт жасастық, оның мазмұнды бөлігі – екі кәсіподақтың өкілдерімен жүйелі консультациялардың нәтижесі. Шартқа кәсіподақтармен келісілген 27 тармақ кірді, оның ішінде жұмыскерлерге шипажайлық сауықтыру, біліктілік семинарлары және басқа да әлеуметтік кепілдіктер қарастырылған», - деді мұнай-газ өндіруші кәсіпорнының басшысы.

Өз кезегінде «Қаражанбасмұнай» АҚ кәсіподақ көшбасшылары Айтбай Кужухов пен Қуаныш Сейсенбаев кәсіподақтардың бастамасымен кәсіпорында төрт жылдан бері басшылық пен кәсіподақ активі арасынан құрылған комиссия жұмыс істеп жатқанын жеткізді.

«Тоқсанына бір рет комиссия кен орындарына барады, еңбек ұжымдарымен кездесіп, өзекті мәселелерді талқылайды, кейін алқалы түрде шешім қабылдайды. Осылайша біз ақшалай есептегенде 4 млрд теңгені құрайтын жаңа ұжымдық шарт жобасын әзірледік. Қазір комиссия ұжымдық-шарттық міндеттемелердің орындалу нәтижесін де алқалы түрде бақылайды», - дейді кәсіподақ белсенділері.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин «Қаражанбасмұнай» АҚ әлеуметтік әріптестеріне үйлесімді жұмыс үшін алғыс айта отырып, жұмыс беруші мен жұмыскерлер өкілдері арасындағы мұндай қарым-қатынастың бүкіл кәсіпорын үшін маңыздылығын атап өтті.

«Кәсіпорынның болашағы жұмыс берушінің жұмыскерлермен диалогқа ашықтығына байланысты болады. Бұл жерде жұмыс беруші «Қаражанбасмұнай» АҚ дамуы мен табысты болуы мұнай өндірумен айналысатын адамдардың әлеуметтік әл-ауқатына тікелей байланысты екенін түсінетінін көреміз», - деді ҚРКФ төрағасы.

           Ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорын – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да әлеуметтік әріптестіктер әлеуметтік әріптестік саласындағы тығыз байланыстың үлгісін көрсетті, кәсіпорында жұмыс беруші және жұмыскерлер өкілдерімен мазмұнды әңгіме өрбіді. Мұндағы 3 886 жұмыскердің 3 022-сі кәсіподақ ұйымының мүшесі.

Атап айтқанда, бұл кәсіпорында ұжымдық шартты монетизациялау жылына 2,5 млрд теңгені құрады.

            «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәди Кентановтың айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап әлеуметтік әріптестіктердің келісімі бойынша кәсіпорынның кен орындарындағы жұмыскерлердің жұмыс ауысымы 10 сағаттан 12 сағатқа дейін ұлғайтылды, бұл жалақы мөлшеріне айтарлықтай әсер етеді.

«Биыл ұжымдық шартта бекітілген нормалардың арқасында 1 100 жұмыскер біліктілік разрядтарын арттырды. Сонымен қатар, норманы асыра орындағаны үшін үстемеақылар да енгізілді, мәселен, нормадан 25 мың тоннаға артық өнім – қосымша лауазымдық жалақы, 50 мыңға – екі жалақы, 75 мыңға – үш жалақы», – деді кәсіподақ комитетінің төрағасы.

Кәсіпорындағы ұжымдық-шарттық міндеттемелердің орындалу барысымен танысқан ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Маңғыстау облысында (ұжымдық даулар бойынша өткен жылдың «көшбасшысы») әлеуметтік әріптестіктің мұндай үлгілерінің болуы өзекті екенін атап өтті.

«Маңғыстаудың мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарында ұжымдық шарттардың көрнекті үлгілерінің болуы әлеуметтік әріптестер арасындағы келіссөздер үдерісі еңбеккерлердің әл-ауқатын арттырудың ең тиімді әдісі екеніне тағы бір дәлел», - деп түйіндеді сөзін Сатыбалды Дәулеталин.

Жұмыс сапары аясында ҚРКФ делегациясы Жаңаөзенге барып, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізеді.

ҚРКФ медиаорталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

35 пікір

  1. аватар
    Koigjn 9 июня 2022 01:13

    order lisinopril 10mg generic - <a href="https://hydlisinopr.com/">order lisinopril 2.5mg without prescription</a> atenolol 100mg brand

  2. аватар
    Maria 23 августа 2024 14:24

    происхождение фамилии сенцов
    молитва перед стартом что значит если тебе снится человек которого ты знаешь с воскресенья на понедельник
    гадание онлайн когда я встречу своего мужчину бесплатно по дате умерший отчим приснился живым, сонник сестра
    моет пол
    пьяный отчим

  3. аватар
    Victorina 29 августа 2024 01:41

    к чему снятся новые сумки женские много к чему снится родной дом
    когда далеко от него кладбище и ворон сонник
    можно ли гадать ремикс на вам
    и не снилось
    таро в 11 лет, как узнать могу ли я гадать на таро чей год по знаку зодиака 2019

  4. аватар
    Margot 9 сентября 2024 06:08

    бархатный сезон в октябре, праздники в
    октябре наличный и безналичный расчет разница,
    терминал это безналичный расчет
    антиэритроцитарные антитела выявлены, антиэритроцитарные антитела обнаружены что это
    rr номера в казахстане, номера гос
    структур казахстана

    my blog :: тоқсандық жиынтық бағалау 5 сынып жаратылыстану

  5. аватар
    Roscoe 11 сентября 2024 15:12

    инструкция к стиральной машине haier hw60-bp12929a, haier стиральная
    машина режимы кто лучше переносит холод,
    где летом не жарко в россии техника астана,
    магазин мечта караганда 45 квартал
    альпі қатпарлығы жүрген дәуір, жер бедерінің атаулары

    Also visit my webpage - бүйректің құрылысы атқаратын қызметтері

  6. аватар
    Sheldon 15 сентября 2024 09:39

    Please let me know if you're looking for a article writer for your
    site. You have some really great articles and I feel I would be a good
    asset. If you ever want to take some of the load off, I'd absolutely love to write some
    articles for your blog in exchange for a link back
    to mine. Please blast me an email if interested. Regards!


    Stop by my web site ... médicaments contre les allergies au pollen saisonnier

  7. аватар
    Florence 16 сентября 2024 03:13

    жұлдызнамаға сәйкес суқұйғыш қай тас күн бойынша қымбат әйелдерге сәйкес келеді агентство блогеров казахстан, сколько блогеров в казахстане франкл философиясы, адам ұғымы философиясы мектебіміздің мақтанышы сабақ жоспары, мектеп туралы
    сценарий

    My webpage; педагогикалық психологияның құрылымы

  8. аватар
    Jonas 19 сентября 2024 22:03

    мұқағали мақатаев мінез, мұқағали мақатаев өлеңдері өмір туралы бірнеше қандай сан есім, реттік сан есім мысалдар мир орбказгюу факультеты и специальноститалық стансасы, қазақ ғарышкерлері эссе соңғы сапарға, соңғы сапарға шығарып салу деген не

  9. аватар
    Sabina 5 октября 2024 12:52

    жер үшін төлем нысандары, жер салығы 2022 түсіңде бұлт көрсең, түсіңде танымайтын жігіт
    көрсең не болады назар тобы жиенім скачать,
    назар тобы - анажан скачать категории автомобильных
    дорог, автомобильные дороги рк

    Have a look at my web page: валенттілік дегеніміз

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.