СӘБИТ РАХИМБАЕВ «ЖЕТІНШІ АРНАНЫҢ» БАС ПРОДЮСЕРІ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
«Жетінші арнаның» бас продюсері болып сценарист, продюсер және актер Сәбит Рахимбаев тағайындалды.
Бас продюсер телеарна контентінің өндірісі мен жаңа форматтағы шығармашылықты дамытуға жетекшілік ететңін болады.
Продюсердің айтуынша, қазақстандық медиарынықта бәсекелестік жыл сайын артып келеді, сондықтан тек жоғары сапалы контент – көшбасшылықтың негізгі факторы.
«Жетінші арна» өзі өндірген жобаларымен көрермен көңілінен шыға білді. Бұл жобалар эфирде де, әлеуметтік желіде де миллиондаған қаралым жинауда. Болашақта біз сапалы сериал өндірісіне баса назар аударамыз. Контент жақсы жаққа қарай өзгереді деп ойлаймын, ойын-сауық бағдарламалары, аспаздық шоулар мен мелодрамалар эфирге шығады.
Сериал өндірісіне басымдық беріледі, сонымен қатар «Salem Social Media»-мен бірлесіп бірнеше сериал шығаруды жоспарлап отырмыз», - деді Рахимбаев.
Сәбит Рахимбаев – «Гудбай, мой бай», «Аташка на хайпе», «Наша казаша», «Kzландия», «Сәлем, мен Нұрлан Қоянбаев», «Красавица и Нұрдәулет», «Келинка тоже человек», «Қазақша бизнес Америкада», «Қазақша бизнес Африкада», «Қазақша бизнес Түркияда», «Осторожно корова», «Гламур для дур» секілді оннан астам танымал фильм мен сериал, әзіл-оспақ шоулардың сценаристі және продюсері.
[xfvalue_img]