Цифрлық майнинг үшін төлем қалай есептеледі

Цифрлық майнинг үшін төлем қалай есептеледі

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, салық Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап цифрлық майнинг үшін төлемақы енгізілді деп хабарлайды.

Төлемақыны төлеу тәртібі Салық кодексінің 69-тарауының 11-параграфымен реттеледі.

Цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады және төлем қызметті жүзеге асыру кезінде тұтынылған электр энергиясының нақты көлемі үшін алынады.

Төлемақы сомасы электр энергиясының нақты көлеміне сүйене отырып есептеледі, төлемақы ставкасы электр энергиясының 1 киловатт-сағаты үшін 1 теңге мөлшерінде айқындалады (кВт/сағ саны*1 теңге).

Төлемақыны есептеу үшін салық кезеңі - тоқсан болып табылады. Цифрлық майнинг үшін ақы төлеу Республикалық бюджетке 105 317 Бюджеттік сыныптама кодына (БСК) жүргізіледі. Төлемақы төлеушілер төлемақы сомасын бюджетке тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей төлейді. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсаны үшін төлемақыны 2022 жылдың 20 сәуірінен кешіктірмей төлеу қажет.

Төлеушілер төлемді цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру орны бойынша (цифрлық майнингке арналған жабдықты орналастыру орны бойынша) төлейді. Бұл ретте цифрлық майнинг үшін төлем бойынша салық есептілігін тапсыру Салық кодексінде көзделмеген.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.