Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері  Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды

Назарбаев Университетінің қазақстандық ғылыми қызметкері Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясының иегері атанды

 

Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының (ISSAI) ғылыми қызметкері Жанат Махатаева Microsoft Research PhD Fellowship стипендиясына лайықты тұңғыш қазақстандық болып отыр. Жанат Назарбаев Университетінің (НУ) Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде робот техникасы саласында  PhD дәрежесін алуда.

Microsoft Research PhD стипендиясы – компьютерлік зерттеулер саласындағы айрықша таланттарды анықтап, олардың мүмкіндіктерін кеңейтетін жаһандық бағдарлама. Microsoft корпорациясы барынша мықты әрі инклюзивті зерттеу қоғамдастығын құру үшін, есептеу техникасымен байланысты салаларда ғылыми дәрежелерді алатын талантты мамандар шеңберін кеңейтуге ұмтылады.

Жанат өз зерттеулерін НУ-дің ARMS және ISSAI зертханаларында жүргізеді. Оның жұмысы адамның жадысын және толықтырылған шынайылық (AR) пен жасанды интеллекттің көмегімен қабылдауды жақсартуға бағытталған. Бұл зерттеудің нәтижелері адамдарға, әсіресе деменциядан немесе Альцгеймер ауруынан зардап шегетін пациенттерге көмек көрсету жүйелерінде орасан зор жақсаруларға жеткізуі мүмкін. 

«Microsoft стипендиясы менің зерттеуші ретінде кәсіби дамуымды айтарлықтай жоғарылатады. Бұл маған басқалардан үйренуге және өз зерттеулеріммен халықаралық ғылыми қоғамдастықпен бөлісуге мүмкіндік береді. Мұның барлығы кәсіби зерттеу ортасының, НУ-дегі тәлімгерлік пен білімнің арқасында мүмкін болды», – дейді Жанат Махатаева.

Қазіргі уақытта Жанат Microsoft HoloLens-ті пайдалана отырып жадыны арттыру жүйесін әзірлеу үстінде, мұнда ол нысандарды тану және пайдаланушылардың  AR ортасындағы орнын айқындау үшін компьютерлік көру алгоритмдерін пайдаланады. Жанат Microsoft-тің қолдауымен өз зерттеулерінің аясын кеңейтіп, қабылдаумен байланысты когнитивтік бұзылыстардан зардап шегетін адамдарға арналған қосалқы жүйелерді әзірлеуді көздеп отыр.    

«Microsoft үшін талантты мамандарды қолдау өте маңызды, және біз Қазақстаннан шыққан, денсаулық сақтау саласында ғылыми зерттеулерді жүргізетін тұңғыш стипендиатымызды қуана құттықтаймыз. Бұл бағыт корпорация үшін стратегиялық маңызды болып табылады, Microsoft-тағы адамдардың пайдасына жарайтын терең өзгерістер бізге шабыт береді. Қазір бәрі медициналық қызметтерге барынша дербестендірілген және ашық тәсілдерді іздейді, және технологиялық түрленулер пациенттермен өзара әрекеттестіктің заманауи құралдарын жасауға көмектеседі, олар пациенттердің тартылуын, қанағаттануын және әл-ауқатын, сондай-ақ сәтті емделу мүмкіндіктерін жоғарылатады. Адамдардың өмір сүру сапасы мен денсаулығын жақсартатын осындай аса маңызды әрі жаһандық процестің бір бөлігі болу – біз үшін үлкен құрмет», - деп атап өтті Microsoft-тің Қазақстандағы өңірлік менеджері Сергей Лещенко.

Соңғы екі онжылдықтың ішінде Microsoft Research PhD стипендиялары бағдарламасы дүние жүзі бойынша 700-ден астам стипендиатты қолдады, олардың көпшілігі Microsoft компаниясының қызметкерлеріне айналды.

Жанат Махатаева жұмыс жасайтын Microsoft HoloLens-тен бөлек, компанияның медицина саласын түрлендіруге жәрдемдесетін инновациялық шешімдер портфеліне Microsoft 365, Microsoft Healthcare Bot және FHIR-ге арналған Azure API сияқты құралдар да кіретінін атап өту керек. Медицина ұйымдарына арналған Microsoft 365 медициналық бригадаларға қауіпсіз командалық жұмыс орталығы арқылы қарым-қатынас жасауға, соның нәтижесінде, медициналық көмектің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Microsoft Healthcare Bot сервисі, ұйымдарға сан алуан медициналық міндеттерді шешу үшін жасанды интеллект негізінде виртуалдық көмекшілер мен чат-боттарды жасауға көмектеседі. Ал FHIR-ге арналған Azure API медициналық жүйелерге өзара әрекеттестікте болуға және бұлтта деректермен жедел, қауіпсіз алмасуға мүмкіндік береді және пациенттердің медициналық деректерінің сенімді түрде сақталуының жоғары деңгейімен қамтамасыз етеді. Осы шешімдердің барлығы пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсартуға көмектеседі, сондай-ақ әртүрлі мамандардың бірлескен жұмысын жеңілдетеді, виртуалдық қабылдаулардың көмегімен қызмет көрсету сапасын жоғарылатады және шашыраңқы жұмыс процестерін оңтайландыру есебінен шығыстарды қысқартады. 

Microsoft туралы

Microsoft (Nasdaq “MSFT” @microsoft) «интеллектуалдық бұлт» және «интеллектуалдық технологиялар» дәуірінде цифрлық трансформацияға қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді. Компанияның миссиясы – планетадағы әр адамға және ұйымға көп нәрсеге қол жеткізуге мүмкіндік беру.

Өтінеміз, қосымша ақпарат алу үшін, байланысыңыз:

Дания Утеева

LBS Team – Microsoft CEE-ге арналған PR қызметтері – Multi-country| LBS TEAMd.o.o. атынан әрекет ететін PBN H+K Strategies Kazakhstan агенттігі
M: +7 778 555 4124 | E: ceemcpress@microsoft.com | W:www.lbs-team.com

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.