Қоғамдағы әйелдердің нашақорлығы.

Қоғамдағы әйелдердің нашақорлығы.

 

Есірткіні үнемі қолдану әйелдің де, еркектің де денесіне теріс әсер етеді. Дегенмен, әйелдерде тәуелділік 1,5 - 2 есе тезірек пайда болады. Әлеуметтік тұрғыдан әйелдер мен ерлердің есірткіні қабылдаудың салдары бірдей маңызды, ал себептері айтарлықтай ерекшеленеді.

 Әйел адамдардың көпшілігі үшін есірткі алкоголь сияқты депрессияға және өзін-өзі төмен бағалауға қарсы тұру тәсілі болып табылады. Әйелдердің айтарлықтай бөлігі есіткіні бірінші рет қысыммен немесе досының, серіктесінің, нашақор болып табылатын үлкен беделді туыстарының ұсынысы бойынша қабылдайды. Бұл әйелдердің қауіпті және емдеуге қиын ауру - есірткіге тәуелділігінің басты себебі.

  Болашақта бұл әрекет неге алып келуі мүмкін?

     Ең үлкен зиян репродуктивті жүйеге әсер етеді. Есірткі заттарын қабылдаған әйел жатыр түтіктерінің бұзылуына байланысты ұрықтандыру қабілетін жоғалтады. Егер жүктілік болса да, өздігінен түсік түсіру немесе физикалық және ақыл-ойы бұзылған баланың туылу қауіпі өте жоғары.

Есірткі қолданатын әйелдерде ішкі ағзалардың (бауыр мен бүйректің) бірте-бірте бұзылуы, қартаюдың ерте белгілері болады, жасына, әлеуметтік жағдайына және есірткі түріне қарамастан психикалық деградация байқалады.

Есірткілердің орасан зор зияны әйелдің айналасындағы қоғаммен қарым-қатынасында көрінеді.

  • нашақорлықтың салдарынан қызметтік міндеттерін елеусіз қалдыру, жұмысқа келмеу, қоғамға жат мінез-құлық жұмыстан шығару немесе қабылдаудан бас тартуға себеп болуы мүмкін, ал ұсқынсыз әдеп пен шатастырылған ойлар кез келген жұмыс берушіні қорқытуы мүмкін;
  • ата-ана құқығынан айырылу;
  • есірткі заттарын пайдаланғаны немесе таратқаны үшін бас бостандығынан айырылу;
  • әлеуметтік байланыстардың жоғалуы (туыстарымен, достарымен, әріптестерімен, көршілерімен);
  • АИТВ-инфекциясы және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға шалдығу;
  • кездейсоқ жыныстық қатынастар.

Есірткіге тәуелді әйелдерде АИТВ инфекциясы стирильді емес шприцтер мен инелер арқылы жұқтырған қан арқылы берілуі мүмкін. Алдын алу мақсатында ЖИТС орталығының құрылымдық бөлімшелері: сенім пункттері, достық кабинеттері құрылды. Сенім пунктінің жұмысына аутрич-қызметкерлер тартылып, олар ЖИТС орталығына және үкіметтік емес ұйымдарға өз еркімен көмек көрсетеді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары дегеніміз – жалпы халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендетуге ықпал ететін, АИТВ-инфекциясының қаупін төмендететін мінез-құлыққа үйрету, АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу бойынша кеңес беру, пайдаланылған шприцтерді стерильдіге ауыстыру, жеке қорғаныс құралдарын (презервативтер) тарату, АИТВ және ЖИТС-тың алдын алу бойынша ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету, АИТВ-позитивті және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға қолдау көрсету және көмек көрсету. Мекен-жайымыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Есенберлин көш., 5/1, тел.: 38-07-02, 38-04-64. www.kazaids.kz/

Әйелдер нашақорлығына немқұрайлықпен қарамай, ақпараттармен танысып, әйел адамға нашақорлықты жеңуге көмектесіңіз.

Алдын алу бөлімінің дәрігер эпидемиологының көмекшісі Булашева В.А.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

  1. аватар
    Velvet 15 января 2024 10:42

    I'm not sure exactly why but this weblog is loading extremely slow for me.

    Is anyone else having this problem or is it a issue on my end?
    I'll check back later on and see if the problem still exists.



    Also visit my web-site; Morena

  2. аватар
    Shawntel 15 января 2024 10:57

    I believe everything said was very reasonable. However, what
    about this? what if you added a little content? I mean, I don't
    wish to tell you how to run your blog, but what if
    you added something to possibly grab a person's attention? I mean Қоғамдағы әйелдердің нашақорлығы.
    » Infozakon is a little boring. You should peek at Yahoo's front page
    and note how they create post headlines to grab
    people to open the links. You might add a video or
    a related picture or two to get readers excited about what you've written. Just my
    opinion, it would make your posts a little bit more interesting.


    My webpage; Shawnae

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.