3 желтоқсанда "Charity Wish Tree" Қоғамдық Қоры Қазақстанның 4 қаласында "Тілектер ағашы" қайырымдылық акциясын іске қосты, акция аясында қазақстандықтар тұрмысы төмен балалардың тілектерін орындай алады.
Акцияның миссиясы мен басты мақсаты - мұқтаж отбасылардан шыққан балалардың жаңа жылдық тілектерін орындау, жаңа жыл қарсаңында адамдарға бір тамшы сиқыр сыйлау және қарапайым азаматтарға нағыз батыр болуға көмектесу.
Қайырымдылық акциясына көпбалалы, аз қамтылған, патронат отбасылар, бір ғана ата-анасы бар отбасылар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар қатысып жатыр. Акция 16 жасқа дейінгі балаларды қамтиды, ал даму ерекшеліктері бар балалар үшін жас шектеулері жоқ.
Жоба Қазақстанның төрт қаласында іске асырылады: Алматы, Нұрсұлтан, Шымкент және Қарағанды.
Балалардың қалауы әртүрлі - бұл тек машина, қуыршақ немесе басқа заттар да емес. Тілек арманмен байланысты болуы да мүмүкін. Мысалы, Виктория есімді балалар үйінің тәрбиеленушісі стюардесса болуды армандады, бұл туралы бізге жазып, кейін оның тілегі орындалды – өткен жылы ол формасын киіп, нағыз бортсеріктердің қамқорлығымен осы мамандықтың ішкі асханасын көре алды. Балаларға мереке сыйлағысы келетін кез-келген адам өзі орындай алатын және жағымды эмоциялар тудыратын тілекті таңдай алады», - дейді жобаның негізін қалаушы Диана Камаладин.
Жобаға қатысушылар аз қамтылған, ерекше балалары бар отбасылары, «Мен сенімен біргемін» хосписі, SOS балалар ауылы балаларының армандарын орындай алады:
«Қазір біз балалардың материалдық емес тілектеріне назар аударамыз, біз баланың арманын орындағымыз келеді, осылайша позитивтік эмоциялар балалардың дамуына ықпал етеді. Биылғы жылы бізде көптеген осындай тілектер бар: аквапаркке саяхат, тауға, БАО-ға саяхат», - дейді Диана.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, көп ұзамай жоба өз қосымшасын іске қосады, бұл жобаны онлайн режимінде тасымалдауға мүмкіндік береді. Бұл одан да көп адамдар «сиқырға жақындай алады» дегенді білдіреді.
[xfvalue_img]