ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Бүгін Нұр-Сұлтанда «Этносаралық қатынастар саласындағы журналистика: ерекшеліктері мен дамуы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.А.Әзілханов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н.Шойкин, Қазақстан халқы Ассамблеясының ресми өкілі М.Т.Бекбаева, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С.Ошақбаев, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы А.Ұ.Сағымбеков, сондай-ақ танымал журналистер қатысты.
Журналистер клубы отырысының жұмысы ашық диалог форматында 2 секция бойынша өтті. Қатысушылар жалпыұлттық бірлік пен келісімді одан әрі нығайтуға, қазақстандық қоғамдағы этносаралық қатынастарды үйлестіруге бағытталған тиімді ақпараттық-түсіндіру қызметінің тәсілдері мен тетіктерін талқылады.
Іс-шара аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың мемлекеттік органдары мен коммуналдық мекемелерінің қызметкерлеріне арналған «Аймақтық журналистиканың ерекшеліктері туралы» семинар-тренинг өткізіліп, онда ҚР АҚДМ ресми өкілі, белгілі журналист Максим Рожин коуч ретінде сөз сөйледі.
Іс-шара барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптар мен ережелер сақталды.
[xfvalue_img]