Zerdeli-ден зейініңді аш!

Zerdeli-ден зейініңді аш!

Балалардың білімін дамытып, логикалық ойлау жүйесін, математикасы мен ағылшын тілін тереңдетуге үлкен үлес қосатын «ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту мектебі Тараз қаласынан өзінің орталығын ашты.   

Ашылу 27 қараша күні Тараз қаласындағы «ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту орталығы орналасқан Тараз қаласы, Астана шағын ауданы, 14А ғимаратының алдында өтті.

Орталықтың ашылу салтанатына елімізге танымал математик, математика пәнінен республикалық «Алтын сақа», «Алтын түлек» және «Алтын тұғыр» олимпиадаларының авторы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебінің негізін қалаушы Рысбек Мәуіт,  «Зерделі» орталығынының негізін қараушылардың бірі, Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ирландияның Дублин қаласындағы Треннити университетінің PhD докторы, Назарбаев Университетінің ғылыми жобалар жетекшісі, ондаған ағылшын тілі оқу құралдарының авторы Өжет Мәуіт мырза, «Жамбыл дарыны» мекемесінің директоры Майра Аманқұлқызы, Тараз қаласындағы ұлдарға және қыздарға арналған білім-инновация мектептері директорларының орынбасарлары, Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектеп директорының орынбасары, Тараз қаласы білім бөлімінің өкілдері, сондай-ақ бірнеше жергілікті мектеп басшылары қатысты.

Ашылу салтанаты барысында қараша айында 5-6 сынып оқушылары арасында математика пәнінен Жамбыл облысында бірінші рет өткізілген «Алтын сақа» байқауының облыстық кезеңі қорытындыланып, облыс бойынша оза шапқан 50 жүйріктің 25-не қаржылай және кәдесыйлар беріліп, оларға арнайы дипломдар табысталды. Сыйлықтардың барлығы Зерделінің қаражаты есебінен алынды. Ең маңыздысы сол, «Алтын сақа» олимпиадасына Тараз қаласынан қатысқан 215 оқушыға және облыстық кезеңде жүлделі орынға ие болған 25 дарынға «ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту орталығында одан әрі білімдерін тереңдету үшін 10-50 пайыз аралығында жеңілдік сертификаттары берілді.

«ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту орталығының басқа мектептер мен білім орталықтарынан негізгі ерекшелігі – балалардың логикасын дамыту, олардың математиканы мұқият түсініп, өз бетінше есеп шығаруы үшін оңай әдіс-тәсілдерді үйрету, логикасы жүйрік, есепке қабілеті бар дарынды балаларды республикалық және халықаралық олимпиадаларға дайындау, оқушыларға ағылшын тілін еркін меңгерту үшін авторлық методикамен оқыту болып табылады. Зерделі орталығында 2-11 сыныптарда оқитын кез-келген бала өзі қалаған уақытта математикасы мен логикасын және ағылшын тілін меңгеруге мүмкіндігі бар. Балаларды «дарынды» немесе «дарынсыз» деп бөліп қарамайды, барлық баланы қабылдап алып, оларды шамасына қарай топтарға бөліп, білімдерін арттыру бойынша жұмыс жүргізеді.

Сонымен қатар заман талабына сай, қаламыздағы 125 және Достық оқыту орталықтары сияқты оқушыларды «БИЛ», «НИШ», «Дарын» мектептеріне дайындау және ҰБТ-ны сәтті тапсырып, Назарбаев университетіне  түсу үшін оқыту да Зерделінің маңызды қызметтерінің бірі. Бұл бағытта да тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды. Аталғандардан басқа, мұғалімдермен оқыту жұмыстарын жүргізу, мұғалімдерді және оқушыларды қажетті математикалық материалдармен қамтамасыз ету, қалалық және облыстық байқаулар өткізу сияқты қызметтер де бар. 

Тараз қаласында жаңадан ашылған орталықтың қысқаша қызметі осындай. Ал республикалық деңгейде, яғни Нұр-Сұлтан қаласындағы «ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту мектебі негізгі бес бағытта жұмыс жасайды, соған сәйкес оның бес бөлімі бар.

Біріншісі – «Зерделі-Білім» бөлімі, мұнда бастауыш сыныптан бастап балалардың математикасын, логикасын, сауат ашу пәні мен ағылшын тілін түсініп, тиянақты үйренуге көмектеседі. Балалар 5-6 сыныпқа келгенде оларды әртүрлі олипиадаларға дайындайды, сонымен қатар «БИЛ», «НИШ», «РФММ» және «Дарын» сияқты мектептерге түсу үшін бейімдеп оқытады. Балалар аталған мектептерге түспей қалғанның өзінде, олармен жұмыс жасап, 7-10 сыныпта математика мен физика, химия мен биология сынды күрделі пәндерді оңай меңгеруге көмектеседі. Осылайша, балалар 10-11 сыныпқа жеткенде, оларды жоғары оқу орындарына, оның ішінде Назарбаев Университетіне түсуге бейімдеп оқытады. Нәтижесінде, балалар жоғары оқу орындарына қиналмай түсе алады.

Екіншісі – «Зерделі-Талант» бөлімі, бұл бөлім республика көлемінде түрлі олимпиадалар өткізу, дарындарды анықтау және оларды одан әрі дамыту үшін тиісті жұмыстар жүргізеді.

Үшіншісі – «Зерделі-Digital» бөлімі, бұл заман талабына сай құрылған, өзінің аты айтып тұрғандай, Қазақстанның түкпір-түкпірінде отырған балаларды онлайн оқытумен айналысады. Онлайн деген аты болмаса, шет елден әкелінген заманауи технологияның арқасында балалар сабақта оффлайн отырғандай, мұғаліммен еркін қарым-қатынаста болады және сабақты терең түсіне алады. Қазіргі таңда тек онлайн білім алатын балалар саны 600-ге жетті.

Төртіншісі – «Зерделі-Кітап» бөлімі, бұл бөлім мұғалімдер мен оқушыларға және жалпы мектепке қажетті материалдарды, кітаптарды, қосымша ақпараттарды дайындаумен айналысады. Қазақстан бойынша әрбір Зерделі орталығы өз оқушыларын осы бөлімде дайындалған кітаптармен оқытады. Оқулықтар белгілі математик, әрі автор, әрі мектептің негізін қалаушы Рысбек Мәуіттің бақылауында болады.

Соңғы бесінші бөлім – «Зерделі-Көмек» бөлімі деп аталады, бұл бөлім негізінен біздің мұғалімдер мен дарынды немесе күн көрісі төмен оқушыларды материалдық тұрғыда қолдаумен айналысады.

Өздеріңіз байқап отырғандай, «ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту орталығының басты мақсаты - математиканы мығымдау! Неге математика? Себебі, Карл Фридрих Гаусс айтқандай «Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы». Михаил Ломоносовтың тілімен айтсақ: «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика». Сондай-ақ, біз, математикасы кенжелеп қалған, логикалық ойлау деңгейі төмендеу, ағылшыншасы амандасудан ары аспайтын, білім жүйесі енді ғана дамуға бет алған халықпыз! Сөйте тұра дамыған 30 елдің қатарына кіреміз деген маақсатымыз бар. Егер математиканы дамытпасақ, бізде ешқашан да физика, информатика немесе химия дамымайды. Жаратылыстану ғылымы дамымайынша, біз ешқашан дамыған ел бола алмаймыз.

Zerdeli-Taraz орталығының директоры болып, Ұлыбританияда магистрлік білім алған, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің басқармасында қызмет жасаған және Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде директордың орынбасары қызметін атқарған Жанат Алтаев тағайындалды.

«ЗЕРДЕЛІ» ақыл-ойды дамыту орталығының Тараз қаласындағы мекенжайы: Тараз қаласы, Астана шағын ауданы, 14А ғимараты

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

14 пікір

  1. аватар
    Hudson 11 июня 2024 09:35

    к чему снится купаться в проруби, сонник чему снится котенок на руках вытаскивать человека из проруби во сне видеть обезьян, убегать от обезьяны
    во сне исламский сонник к чему
    снятся насекомые в постели,
    к чему снятся насекомые кусают приснилось что дочь подросток беременна к чему снятся беременные родственники, к чему снится беременность мужчине

  2. аватар
    Celina 25 августа 2024 07:03

    сонник белая коза с рогами, видеть во сне козу и козленка 11
    аркан матрица судьбы карта как
    быстро продать дачу молитва
    25 декабря знак зодиака мужчина у близнецов какой
    камень рыба по гороскопу 2021 гороскопу женщины

  3. аватар
    Myrtis 16 сентября 2024 08:32

    жазу және кітап басып шығару адамзаттың ең жоғары
    жетістігі презентация huawei p50 pro plus, huawei p50 цена алматы ұстаз болу
    жүректің батырлығы тақпақ, ұстаз әже туралы жұмбақтар
    тақпақ 3 шумақ местная анестезия - это,
    наркоз - это

  4. аватар
    Clyde 16 сентября 2024 11:32

    нұрлы жер бағдарламасы орал, нұрлы жер условия дөңгелек картасын зерттегендер,
    махмұт қашқари презентация лего 42139, лего 42128 простой кредитный калькулятор, кредитный калькулятор каспи

    Feel free to surf to my web site жердің қатты қабығы

  5. аватар
    Jamel 8 октября 2024 09:59

    тынық мұхитының орташа температурасы, мұхит суының температурасы avis logistics
    алматы тарифы, avis logistics актау
    жилстройсбербанк шымкент ипотека, отбасы банк ипотека вторичное
    жилье парикмахер астана инстаграм, парикмахер-стилист астана

    My website какой служащий не является государственным служащим

  6. аватар
    Concepcion 12 октября 2024 13:48

    грин карта формат фото, фото
    на грин карту онлайн шұбат туралы мәлімет,
    шұбаттың құрамындағы днәзік жандыға қандай сұрақтар
    қоюға болады: әр түрлі
    умендер каспий
    теңізінің экологиялық проблемасы
    шешу жолдары, каспий проблемасы шешу жолдары гос экзамен 11 класс казахский
    язык, гос экзамены 9 класс казахстан предметы

  7. аватар
    Brandon 18 ноября 2024 06:19

    ана тіл туралы тақпақ, ана тілі тақпақ 1 сынып рахат ареш 20 жыл скачать, рахат ареш ауылга барам
    скачать екі жасқа тілек айту бетің
    сұлу қыз, мағжан жұмабаев шын айт персона клиника усть-каменогорск,
    персона врачи

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.